Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Күн тәртібінде

2024 жылғы 31 қаңтар                                                               Астана қаласы

Парламент Мәжілісінде «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралды.

Баяндама жасаған ҚР Ішкі істер министрі Е.Сәденов Хаттама бойынша Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары тараптардың аумақтарында 30 тәулік ішінде уақытша есепке тұрмайтын оңай тәртібі көзделетінін атап өтті.

Хаттамаға Мемлекет басшысының Ташкент қаласына сапары аясында 2022 жылғы 22 желтоқсанда қол қойылды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісім» Астанада 2000 жылғы 7 шілдеде жасалған.

Жұмыс тобының жетекшісі депутат Н.Дементьева Хаттаманы ратификациялау бір Тарап мемлекеті азаматтарының Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күнге дейін тіркеусіз екінші Тарап мемлекетінің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беруге бағытталғанын айтты.

Заң жобасы қабылданған жағдайда азаматтардың екі ел аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді және біздің елдеріміз арасындағы туризмді, мәдени алмасуды және экономикалық қатынастарды дамытуға ықпал ете отырып, іскерлік сапарлар процесін едәуір жеңілдетеді.