Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Сот реформаларының аспектілері туралы

2024 жылғы 23 ақпан                                                                           Астана қ.


Image title

Н.Дементьева Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысына қатысты

Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Қазақстан Республикасындағы сот реформасы: шешілмеген проблемалар» атты көшпелі отырысында сот реформасының одан арғы бағыттары талқыланды.

Image title


Оның жұмысына Комитет депутаттары, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары және Сот әкімшілігінің басшылығы қатысты.

Астана қаласы аудандық соттарының ғимаратында өткен іс-шара басталғанға дейін депутаттар кеңсенің фронт-офисінде, медиаторлар мен адвокаттарда Сот әкімшілігі енгізген жаңа IT-өнімдермен, сондай-ақ соттардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шаралармен танысты.

Image title


Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, отырыста әділ және тәуелсіз сот төрелігін көргісі келетін адамдар үшін сот жүйесіндегі өзгерістердің, қазақстандық сот төрелігін халықаралық стандарттарға жақындату үшін жаңа тәсілдерді әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді. Кассациялық соттардың құрылуымен Жоғарғы Сот сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге баса назар аударатыны айтылды. Жоғарғы Сот судьясының бастамасы бойынша сот актілерін қайта қарау, егер олар сот практикасына қайшы не құқықты дамыту мүддесінде қабылданған болса, ерекше жағдайларда мүмкін болады. Реформаны 2025 жылдан бастап іске қосу ұсынылады. Қылмыстық процесте тараптардың бәсекелестігі мен теңдігін дамыту қажеттігі атап өтілді.

Енгізілген IT-сервистер соттармен өзара іс-қимылды жеңілдетеді, функционалды жетілдіреді және арттырады. Жаңа модуль процеске қатысушыларға онлайн режимде талап-арызбен, сот отырыстарының аудиожазбаларымен және басқа да құжаттармен танысуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, судьялар үшін Smart-көмекшілер – «Судья күнделігі» және «Сот практикасы» енгізілді, сот орындаушыларының кейбір қаулыларын санкциялау процесі роботталды, бірыңғай сот практикасын қалыптастыру үшін зияткерлік іздеу бойынша «Сот практикасының цифрлық талдауы» АТ-жүйесі енгізілді.

Отырыста депутат М.Бәшімов судьялардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша, Б.Базарбек – республикадағы сот төрелігін іске асырудың өзекті мәселелері мен проблемалық аспектілері бойынша сөз сөйледі. Талқылау барысында депутаттардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді. Отырыс қорытындысы бойынша ұсынылып отырған жаңалықтардың өзектілігіне, олардың сот төрелігі мен жалпы сот ісін жүргізу сапасын жақсартуға бағытталғанына және заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігіне назар аударылды.