Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заңнама аясында

2024 жылғы 24 мамыр

    Депутат Н.Дементьева экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру мәселелері бойынша заң жобасының таныстырылымына қатысты

    Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасына, сонымен бірге «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының таныстырылымын ұйымдастырды.

  Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, Республикалық адвокаттар алқасының, Парламентаризм институтының, «АТАМЕКЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпккерлер палатасының, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері, заңгерлер, сарапшылар, БАҚ және т.б қатысты.

    Комитет төрайымы С.Имашева аталған Заң жобасы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында әзірленгенін атап өтті. Экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру және салық қылмыстары бойынша кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту нормаларының шегін айқындаудың әділ тетігін енгізу тапсырылған болатын. 

    Осы тапсырманы іске асыру үшін Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне түзетулер енгізуге бастамашылық жасалды.

    Заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, депутат А.Құспан отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, заң жобасының мақсаты – бизнес қауымдастығын қылмыстық қудалау орбитасына тартуды болдырмау екенін айтты. Депутат Н.Дементьеваның пікірінше, экономикалық сипаттағы құқық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту және Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінен Әкімшілік кодекстерге ауыстыру қылмыстық істердің санын қысқартуға және әкімшілік тетіктер арқылы кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуге ықпал етуге мүмкіндік береді.