Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңызды диалог

2023 жылғы 4 желтоқсан                                                                   Астана қ.


    Депутат Н.Дементьева Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогының қорытынды конференциясына қатысты

    Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы өңірдегі әйелдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылау үшін бейресми алаң болып табылады. Алаң 2020 жылдың желтоқсанында БҰҰ қолдауымен құрылды. 2021 жылы оны Өзбекстан, 2022 жылы Түрікменстан басқарды. 2023 жылы төрағалық Қазақстанға өтті.

    Орталық Азия елдері әйелдері диалогының қорытынды конференциясы Орталық Азия өңіріндегі гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жою мәселелеріне арналды.

Image title


    Н.Дементьеваның пікірінше, әр түрлі елдердің жыл сайынғы әйелдер форумы өзекті мәселелер бойынша бірыңғай ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді, бұл бірлесіп әзірленген және ұсынылған ұсынымдарды өз елінде қолдану үшін тәжірибе алмасатын маңызды жиын.