Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауалға жауап

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаттарына

(тізім бойынша)

2021 жылғы 02 қыркүйектегі

ДЗ-237- депутаттық сауалға

Құрметті депутаттар!

Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты Сіздердің депутаттық сауалдарыңызға мынаны хабарлаймын.

Оқу орындарында қаржыландыруды қамтамасыз етуге қатысты

Сіздер көтерген білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңестерінде және отырыстарында үнемі қаралады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін қауіпсіз оқу ортасын құруға бағытталған Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) әзірленді.

Жол картасын іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) бейнебақылау жүйелерін қолданыстағы стандарттар мен талаптарға сәйкес келтіруге, жедел басқару орталықтарына (бұдан әрі – ЖБО) қосуға, турникеттер мен дабыл түймелерін орнатуға, қалалық мектептерде мамандандырылған күзетті енгізуге жергілікті бюджеттен қаржы қаражатын бөлу бойынша жұмыс жүргізуде.

Анықтама: 2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысында – 65,9 млн тг, Қызылорда – 252 млн тг, Маңғыстау – 85 млн. тг, Павлодар – 65 млн 880 мың. тг, Жамбыл – 170 млн тг, Алматы – 618 млн 328 мың. тг,  Атырау – 88 млн тг,  Ақмола – 333 млн тг, Қарағанды – 518,7 млн тг, Шымкент қ. – 545,6 млн тг, Нұр-Сұлтан қ. – 609,5 млн тг. бөлінді.

Сондай-ақ, Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық[1], қауіп туындаған жағдайда білім алушылардың, педагогтердің және басқа да қызметкерлердің іс-қимылдарының бірыңғай алгоритмі, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда іс-қимыл жасау жөніндегі ұсынымдар әзірленді және балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде.

Ұйымдармен шарттар жасасу бөлігінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізуге қатысты

 «Күзет қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес күзет қызметтерін көрсетуді жеке күзет ұйымдары жүзеге асырады. Қызметкердің құқықтары мен міндеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалады.

2021 жылы террористік тұрғыдан осал объектілерде (бұдан әрі – ТТО[2] объектілері) күзет қызметтерін көрсету, орталықтандырылған бақылау пультінің (кезекші бөлімдер), радио байланыстың, кемінде екі жедел ден қою мобильді тобының және қызметтік қару саласында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде күзетуді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке күзет ұйымдары үшін біліктілік талаптары[3] заңнамалық түрде қатаңдатылды.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге құқықтық қабілеттілікке (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілікке (жеке тұлғалар үшін), мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптары қойылады.

Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына қатысты біліктілік талаптары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында[4]   айқындалатын тәртіппен белгіленеді.

Сонымен қатар, ЖАО мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қызметкерлерге, еңбек және материалдық ресурстарға қойылатын талаптарды қатаңдату бөлігінде техникалық ерекшеліктер күшейтілетін болады.

Турникеттерді орнату бойынша Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының индикаторларын қайта қарауға қатысты

Министрлік мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету, қабылданған стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес мектептерді 2025 жылға дейін бейнебақылаумен 100% жарақтандыру міндеті қойылған Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес[5]
Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Bilimdi Ult» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын әзірледі. Бұл міндетке қол жеткізу үшін қауіпсіз кіру жүйесін, мамандандырылған күзет пен бақылауды (бейнебақылау, дабыл түймесі, металл іздегіштер) қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелерін ішкі істер органдарының Жедел басқару орталығымен интеграциялау жөніндегі іс-шаралар көзделген.

Анықтама: мектептердің 100% - ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, олардың 81% - ы белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкес жабдықталған. Мамандандырылған күзетпен 2,7 мыңнан астам білім беру объектілері қамтамасыз етілген, оның ішінде мамандандырылған қызметтермен – 874 мектеп, оның ішінде 761 мектеп - дабыл батырмасымен қамтамасыз етілген. Күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне шығаратын дабыл сигнализациясы құралдарымен 1,7 мыңнан астам мектеп жабдықталған.

Қазіргі таңда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасы (ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 156 қаулысы) шеңберінде, оның ішінде білім беру ұйымын бейнебақылау жүйелерімен 100% жарақтандырумен және ірі қалалардағы ішкі істер органдарын жедел басқару орталығына шығарумен, оқушының келуі/кетуі туралы ата-аналарды хабардар ете отырып, ұялы телефондардың мамандандырылған электрондық датчиктерін (чиптерін) енгізу қабылдануда.

Қазіргі уақытта Министрлік Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарын 100% турникеттермен (бүгінгі күні орнатуға жататын 2357 мектептің 681 мектебі (29%) турникеттермен қамтамасыз етілген) қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар енгізілген Білім беру және демалыс саласының объектілерін қауіпсіздік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жол картасын әзірлеуде.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және Үкіметтің тұрақты бақылауында.

Е.Тоғжанов

                                      



[1] Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілердің және білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық.

[2] «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттарды бекіту туралы»  ІІМ 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығы.

[3] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2021 жылғы 2 қаңтардағы ҚР Заңы.

[4] «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары»ҚР ҚМ 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығы.

[5] «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» ҚР  Үкіметінің 2017 жылғы.

29 қарашадағы № 790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметінің  2021жылғы .26  ақпандағы № 99 қаулысы.