Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бірінші бас заң жобасы Мәжіліспен мақұлданды

2004 жылғы 9 қаңтардағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы» және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін (ҒЗК) құру туралы» келісімдерге сәйкес «Бәйтерек» ҒЗК құруға және салуға арналған «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» Акционерлік қоғам («Бәйтерек» БК» АҚ) құрылды.

Үкіметаралық келісімге сәйкес Қазақстан жобаны іске асыруға 223 млн. АҚШ доллар бюджеттік несие бөлу бойынша міндеттемелерді өзіне алды. Ресей тарапы өз кезегінде «Ангара» зымыран тасығыш модификациясының ұшу сынақтарын 2008 жылға дейін құруға және өткізуге, 2010 жылы кредитті қайтаруды бастау үшін «Бәйтерек» ҒЗК бастапқы және техникалық кешендерінің кешенді сынақтарын 2010 жылға дейін әзірлеуге және жүргізуге тиіс болды.

2010 жылдың қараша айында бюджеттік кредитті игеру мерзімі аяқталып, оны қайтару мерзімі келді. Аталған кезеңде жоба 2011 жылғы сәуірде іске асырылмауына байланысты кредитті игеру мерзімін 2015 жылғы 15 қарашаға дейін ұзарту жолымен «Бәйтерек» БК» АҚ бюджеттік кредитіне қайта құрылымдау жүргізілді.

2015 жылы ҚР мен РФ арасындағы «Бәйтерек» ҒЗК құру туралы үкіметаралық келісімге толықтыру енгізу жолымен бюджеттік кредитті қайта құрылымдау жүргізілді, бюджеттік кредитті өтеу бойынша жеңілдікті кезең 2019 жылға дейін ұзартылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына (Қаржымині, ЭБЖМ, Әділетмині, СІМ, ҰҒА, 05.01.2013 ж. №17-23/6970) мемлекетке бюджеттік кредитті қайтару тәртібі туралы мәселені пысықтауды тапсырды.

ҚР Үкіметінің тапсырмасын орындау мақсатында ҚР мүдделі мемлекеттік органдары Қазақстандық тараптың үлесін арттыру арқылы «Бәйтерек» БК» АҚ борышын оның жарғылық капиталына айырбастауды ұсынды.

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 2-бабының 3-тармағымен, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Заңның жоғарыда аталған нормасына сәйкес үкіметаралық келісімге тиісті өзгеріс енгізу ұсынылды.

Тараптар хаттама әзірледі және келісті.

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға 2020 жылғы 31 қазанда Мәскеу қаласында қол қойылды.

Аталған Хаттама Қазақстандық тарап үшін қажет, өйткені бұл бірінші кезекте бірлескен кәсіпорынның Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің алдындағы бюджеттік кредит бойынша қаржылық міндеттемелері мәселесін заңды негізде шешуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Хаттамаға Ресей тарапының 2036 жылға дейін «Союз-5» зымыран-тасығыштарын ұшыру кешенін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері енгізілген.

Хаттаманы ратификациялау мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

1) «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы бюджеттік кредитті оның жарғылық капиталына айырбастау жолымен кредиттік міндеттемелерден босатылады және «Бәйтерек» мемлекетаралық жобасын іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік алады. Айырбастау рәсімінің нәтижесінде Қазақстандық тараптың Бірлескен кәсіпорынға қатысу үлесі 99%-ға дейін артады.

2) Хаттама «Бәйтерек» ҒЗК-ні «Союз-5» зымыран тасығышын ұшыру арқылы жүктеу кепілдігін (оны жасау рәсімі аяқталғаннан кейін) қамтамасыз етеді, бұл құрылған кешеннің ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік инвестицияларының қайтарылмау тәуекелін азайтады.

Ресей тарапымен осы Келісімнің күшіне енуі туралы ішкі мемлекеттік рәсімдері орындалды.

Анықтама: пилотсыз ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған орта сыныпты ресейлік зымыран-тасығыштың «Союз-5» базасында жаңа экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жобасы «Байқоңыр» ғарыш айлағында Ресей тарапымен бірлескен негізгі жоба болып табылады.

Бұл жобада Қазақстандық тарап жерүсті кешенін құруға («Зенит-М» ҒЗК жаңғырту жолымен, 233 млн, АҚШ доллары, курс – 389,46), ал Ресейлік тарап жаңа орта класты зымыран - тасығышты («Союз-5» ЗТ, шамамен 916 млн, АҚШ доллары) құруға жауап береді.

Бүгінгі таңда «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. 2020 жылғы 29 қазанда ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті мен «Бәйтерек» БК» АҚ арасында «Бәйтерек» ҒЗК құру» мемлекеттік тапсырмасына арналған шартқа қол қойылды.

Осы мемлекеттік тапсырма шарты аясында 2020 жылғы 10 тамыз бен 20 қараша аралығында Байқоңырда барлау жұмыстары жүргізілді, 2020 жылы игеру сомасы 93,06 млн.теңгені құрады.

«Бәйтерек» БК» АҚ мен «ЦЭНКИ» АҚ арасында «Бәйтерек» ҒЗК құруға арналған келісімшарт 2020 жылғы 31 қазанда жасалды. «ЦЭНКИ» АҚ инфрақұрылымы базасында «Бәйтерек» ҒЗК құрылатын «Зенит-М» ҒЗК жерүсті кешенін бас әзірлеуші ұйым ретінде ҚР ЦДИАӨМ мен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бірлескен шешімімен «Бәйтерек» ҒЗК бас әзірлеуші ұйым болып айқындалды.

Құрылыс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақстандық компанияларды толық тарта отырып орындалатын болады. Бұл шарттар келісімшартпен бекітілген.

Бүгінгі күні эскиздік жобаларды әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды, «Зенит-М» ҒЗК объектілерінде инженерлік ізденістер бойынша жұмыстар белгіленіп отыр.

«ЦЭНКИ» АҚ құрылысы бойынша мердігер компаниялар ретінде «Базис» холдингімен шарт жасалды. Сондай-ақ, «ЦЭНКИ» АҚ тар мамандандырылған сипаты жоқ Технологиялық жабдықтарды дайындауға және жеткізуге қазақстандық компанияларды тартуды жоспарлап отыр.

«Бәйтерек» жобасын табысты іске асыру өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінде тікелей жаңа жұмыс орындарын ашуды, «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілері базасында ғарыш қызметі саласында білікті кадрлар даярлау орталығын құру мүмкіндігінің пайда болуын қоса алғанда, оң әлеуметтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы жерүсті ғарыш инфрақұрылымының өз объектілерін пайдалана отырып, іске қосу қызметін жүзеге асыратын мемлекет болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешені бойынша стратегиялық әріптестік пен екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.