Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесі


2023 жылғы 31 мамырда

жарияланды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

А.С. Көлгіновке



Депутаттық сауал

Құрметті Алтай Сейдірұлы!

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс- қимыл жоспарының 85-тармағында балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу көзделген. Олар: оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркемсурет мектептері және т.б. Балаларға қосымша білім беруді дамыту өзекті міндеттерінің бірі болып саналады. Дәл осы білім беру кезеңінде оқушы өзінің мақсатты кәсіби бағдарын қалыптастырады және өзінің интеллектуалды қабілеттерін дамытады.

    Іс-қимыл жоспарының қабылданғанына біраз уақыт өтсе де,  осы жаңа нысандарының құрылысын, ПСД құжаттамасын көріп отырған жоқпыз.

    Елімізде қосымша білім берумен қамтудың жалпы саны 75 пайызды құрайды, оның ішінде мектептерде – 34, мектептен тыс ұйымдарда – 29 пайызды құрайды. Бұл жеткіліксіз! Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда 1500-ден астам қосымша білім беру ұйымдары тіркелген, оларға 1 миллионнан астам бала қатысады, негізінен қалалық жерден. Ауылдағы балаларды қосымша біліммен қамтудың төмендігі байқалады.

Алдағы жылдары бұл мәселені шешу міндеті қойылып отыр.

    Соған қоса, Түркістан қаласында, жаңадан ашылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында оқушылар сарайы мүлдем жоқ.


Құрметті Алтай Сейдірұлы!

    Жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беруіңізді және балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін 100 жаңа ірі нысан салу бойынша қажетті тұжырымдаманы әзірлеуді сұраймыз.

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері келесі ұсыныстарды енгізеді:

Осы депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.


Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы

фракциясының мүшесі                                                     Н. Дементьева