ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС

✅ Елімізде жүргізілген ірі саяси реформаның нәтижесінде құрылған Конституциялық сот қызметін таныстыруға арналған маңызды жиынға қатыстым.

✅ Заман талабына сай соңғы үлгіде жасалған ғимараттың салтанаты ерекше.
Ал атқарылған жұмыс осы конституциялық бақылаудың тиімділігін көрсетті.

✅ Қазіргі уақытта Конституциялық сотқа азаматтар тарапынан түсіп жатқан өтініштер аз емес. Біздің депутаттардың атына да сайлаушылардан Конституцияда бекітілген заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы көптеген хат келеді.

✅Сондықтан, Парламент пен Конституциялық сот қызметі Заңның үстемдігін және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бағытында тығыз байланысты.

✅ Бұл заң шығару қызметіне де, халықтың құқықтық қорғалуына да жоғары деңгейде әсер ете алатын маңызды институт.