ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

✔️ Сәрсенбіге жоспарланған кезекті жалпы отырысымызды өткіздік.
Оған Палата Спикері Ерлан Жақанұлы Қошанов төрағалық етті.

✔️ Күн тәртібіне сәйкес тиісті заң жобаларын мақұлдап, бірқатар құжаттарды жұмысқа қабылдадық.

✔️ Сондай-ақ, осы күні Мәжілістің жанынан Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»,-тұжырымдамасын жүзеге асыру, заң шығару ісінің қоғамға түсініктілігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелендіретін Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды.

✔️ Одан әрі, сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы баяндама жасадым.

✔️ Осы сессияда Мәжіліс заң шығарумен қатар, көптеген көшпелі және тақырыптық отырыстар, дөңгелек үстелдер, үкімет сағаттарын өткізеді.
Халықаралық шаралар да ұйымдастырылады.

✔️ Жалпы отырыста әріптестерім құзырлы органдар атына 24 депутаттық сауал жолдады.