ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
Кезекті жалпы отырыс

Бүгінгі жалпы отырыста депутаттарымыз өздері бастамашы болған өзекті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдадық. 

Ол  Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және салық салу мәселелеріне қатысты заң жобалары.

Бұл заң жобасында азаматтардың көпшілігін  толғандырып жүрген – халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістерді салық салудан босату мүмкіндігі қаралады.

Сонымен қатар жеке тұлғалардың проблемалық микрокредиттері есептен шығарылуына байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістерін салық салудан уақытша, яғни үш жылға босату қарастырылған. Балаларға  Ұлттық қордың табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату ұсынылды.

Еліміздің азаматтары мен заңды тұлғалары  сотқа жүгінгенде айқындалған мемлекеттік бажды төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда конституциялық құқығын толық пайдалануын қамтамасыз ету үшін  осы төлемді кейінге қалдыру тетіктері ұсынылады.

Бұған қоса аталған заң жобасында екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банк ноталары бойынша салық салынатын кірісін азайтуға мүмкіндік беретін құқығын алып тастау жоспарлануда. Бұндай қадам оларды  бос қаражаттары есебінен  экономиканың нақты секторын, соның ішінде, бизнесті кредиттеуге бағыттауға жол ашпақ.

Ал, арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін «инвестициялар неғұрлым мол болса – соғұрлым жеңілдіктер көп болады» қағидаты бойынша салықтық жеңілдіктер беру бөлігінде сараланған тәсілді енгізу жоспарланып отыр.