ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

Кезекті жалпы отырыста еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды құжаттардың бірі - Ұлттық қордан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансфертке қатысты және 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобаларын талқылап, мақұлдадық.

Еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері алдағы уақытқа межеленген қаржылық болжам бойынша баяндады.   

 Жалпы 2024 жылға арналған түсімдер көлемі 20,4 трлн. теңге деңгейінде болжанып отыр.

Қаражаттар көлемі негізінен мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толыққанды орындауға, өңірлерді дамытуға, стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Соның ішінде, автокөлік жолдары, жылу, газ және сумен жабдықтау, инженерлік желілерді жаңғырту, сондай-ақ, жүздеген әлеуметтік нысандарды салуға көңіл бөлінбек.

Айта кетерлігі, бюджет жобасы Мәжілісте екі ай бойы жан-жақты талқыланды. Барлық фракциялар белсенді қатысып, өздерінің ұсыныстарын, пікірлерін жеткізді. Депутаттардың сайлаушылар атынан жолданған талап-тілектері толықтай ескерілді. 

Мәселен, халық қалаулыларының бастамашылығымен  2,5 трлн. теңгеге жуық қаражат маңыздылығына қарай қайта бөлінген.

Оның ішінде Үкімет резерві есебінен 56 млрд. теңге қосымша қарастырылған.

Бөлінген қаражаттардың мақсатқа сай, тиімді жұмсалуы әрдайым депутаттардың бақылауында болады.

Айта кету керек, келесі жылдан бастап, Ұлттық қордың инвестициялық табысынан балаларға қаражат аударыла бастайды.

Ұлттық қордан тартылатын нысаналы трансферттер әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық инфрақұрылымдағы жобаларды қаржыландыруға арналған. Дегенмен, енді Ұлттық қордан тартылатын трансферттер жылдан жылға төмендеп,  қордағы қаражат ұлт болашағына тиімді жұмыс істеуге бағытталатын болады.

Аталған Заң жобалары Сенатқа жолданды.