ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында еліміздің азаматтарының қоғамдық мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтіп, жаңа жағдайларға жол ашатын маңызды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдадық.

Нәтижесінде саяси партияларды, кәсіподақтар мен діни ұйымдарды қоспағанда, кемінде үш адамнан тұратын топқа қоғамдық бірлестік құруға мүмкіндік беру, республикалық маңызы бар қалалардағы  қоғамдық бірлестіктердің мәртебесін айқындау сияқты түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар, бизнес жүргізуді жеңілдетуге бағытталған «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдадық.

Онда кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсарту, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіру, оларды жүргізудің ашықтығына кепілдік беру, бизнеске жүктемені азайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағыттарында маңызды нормалар қамтылды.