- Бүгін Литва Республикасы Сеймасы (Парламенті) төрағасының орынбасары Юлиус Сабатаускаспен кездестім.
- Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың, соның ішінде парламентаралық ықпалдастықтың маңызды мәселелерін талқыладық.
- Литва Қазақстанның Балтық аймағында ғана емес, Еуропалық Одақ деңгейінде де маңызды және сенімді серіктесі.
- Екі ел арасында достық әрі өзара түсіністіктің берік іргетасы қаланған. Соның нәтижесінде саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз жыл сайын нығайып келеді.
-Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан ірі саяси реформа туралы, сайлау жүйесіндегі өзгерістер туралы жан-жақты әңгімеледім.
-Елдеріміздің көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылына баса назар аударып, пікір алмастық.
-Білім беру саласындағы тәжірибелеріміз туралы да айтылды.
-Юлиус Сабатаускас мырза өз кезегінде Қазақстанға іссапары кезіндегі әсерімен бөлісті.