ЕСПАЕВА
Дания
Мәдиқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Депутатқа хат
ЕО мекемелеріндегі Орталық Азия көшбасшыларының диалогы үшін БҰҰ-ЕО тәжірибе алмасу бойынша бірлескен сапар

Орталық Азия өңірі елдерінің ең белсенді әрі іскер әйелдері үшін тиімді алаңға айналған Орталық Азия елдері әйелдерінің Диалогы Еуропалық Одақтың да назарында.  

Осы күндері Бельгия Корольдігі, Брюссель қаласында  БҰҰ-ЕО үшін тәжірибе алмасу бойынша Еуропалық Одақ мекемелерінде Орталық Азия көшбасшыларының әйелдер диалогына арналған ауқымды шаралар өтіп жатыр.

Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогы мүшелеріне көрсеткен мүмкіндігі аясында біз әйелдердің гендерлік теңдігі мен мәселелерін, бейбітшілік пен қауіпсіздікті, сондай-ақ әйелдердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қатысуын ілгерілету жөніндегі ЕО тәжірибесімен таныстық.

Сондай-ақ, сапар барысында Еуропалық Одақтың гендерлік және әртүрлілік жөніндегі елшісі Стелла Раннер-Грубачичпен, Еуропалық бейбітшілік қатынастары бюросының директоры Соня Рейнс-Дейвандеспен, Еуропалық комиссияның халықаралық серіктестік жөніндегі бас директорының орынбасары Мириам Ферран және Еуропалық Комиссияның Білім, спорт, жастар, мәдениет жөніндегі Бас директоры Пиа Аренкильде-Хансенмен кездестім.

Кездесулер кезінде әйелдердің барлық деңгейлерде шешім қабылдауға қатысуын одан әрі кеңейтуге ықпал ететін іс-қимылдар, бейбітшілік, қауіпсіздік және гуманитарлық қызмет, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірге қатысуы үшін мүмкіндіктерді кеңейту,  бітімгершілік миссиялары, азаматтық қоғам  тақырыптарында ой өрбіттік.

Осы бағытта Қазақстанда мемлекеттік деңгейде жасалып жатқан нақты қадамдар туралы жан-жақты баяндадым.

Аталған Диалог құрылған күннен бастап Орталық Азиядағы әйелдер көшбасшылары арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін белсенді жұмыс атқарып келеді.

Біз өзіміздің төрағалығымыз барысында Диалогқа қатысушы елдердің ұсыныстарын ескере отырып, әйелдердің инновациялар мен технологияларды, бейбітшілік пен қауіпсіздікті, гендерлік зорлық-зомбылық пен әйелдер құқығын қорғауға қатысты іс-шараларға зор көңіл бөлудеміз.