ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
Бүгін ҚР Конституциялық сотында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы өтті

Конституцияда азаматтар мен олардың өкілдеріне, адам құқықтары жөніндегі уәкілге және Бас прокурорға Конституциялық Сотқа жүгіну құқығын беру 2022 жылғы конституциялық реформаның гуманистік және құқық қорғау бағытын растайды. Бес айдың ішінде Конституциялық Сотқа 2,7 мыңнан астам азамат жүгінді. Кездесу барысында Э.А. Әзімова депутаттарды өтініштердің жай-күйі және конституциялық іс жүргізудің ерекшеліктері туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша заңдардың жекелеген нормаларының конституциялылығын қарау кезінде одан әрі өзара іс-қимыл перспективалары бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.