ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
Бүгін Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысы өтті

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"  Казақстан Республикасы Заң жобалары жұмысқа қабылданды. Күн тәртібіндегі алғашқы екі мәселе бойынша Әділет вице-министрлері А.К.Мұқанова, Б.Ш. Жақселекова сөз сөйледі. Депутаттар бастамашылық еткен Мемлекеттік корпорация мәселелері жөніндегі заң жобасы бойынша депутат Д.Е. Исабеков сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебімен Қаржы вице-министрі Д.О. Темірбеков сөз сөйледі.