ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
Астанада Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі форум өтті

Адам саудасына қарсы күрес Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы басым міндеттерінің бірі. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі Елордада Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлесіп Президент Әкімшілігі өкілдерінің, депутаттардың, ғылыми қоғамдастықтың, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен, адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде форум ұйымдастырып өткізді. Форумның мақсаты – «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заң жобасын таныстыру, сондай-ақ осы саладағы халықаралық стандарттар мен шетелдердің оң тәжірибесін талқылау. Қатысушылар заң жобасын, сондай-ақ ІІМ әзірлеп жатқан Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасының призмасы арқылы адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.