ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
Бүгін пленарлық отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Заң жобасы жұмысқа қабылданды

Нормативтік қаулымен "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасы тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне мерзімсіз тыйым салуды белгілеу бөлігінде, тәртіптік шаралардан туындайтын құқықтық шектеулердің пропорционалдылығының болмауына байланысты мемлекеттік қызметке кір келтіретін, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1-тармағына, 33-бабының 2 және 4-тармақтарына және 39-бабының 1-тармағына сәйкес емес деп танылды.

Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің пропорционалдылығы бөлігінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы конституциялық нормаларға сәйкес келтіру мақсатында түзетулер әзірленді. Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды.