ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
Бас прокуратураның ақпараттық жүйелердің тұсаукесері

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын қарау шеңберінде Бас прокуратурамен бірлесіп Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жұмыс тобы мүшелері мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті депутаттарының шығуы ұйымдастырылды.  Іс-шараға Бас Прокурордың орынбасары А.Қ. Чиндалиев, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы және жауапты қызметкерлері, Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты. Бас прокуратура өкілдері сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімін, электрондық қылмыстық істі; қылмыстық процестің үш буынды моделін жүргізуді көрсетті. Тұсаукесерден кейін депутаттар ЕҚДБ жүйесін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.