ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
Мәжілісте Қазақстанның халықаралық нотариат одағымен ынтымақтастығы талқыланды

Лионель Галлиестің сапары Республикалық нотариаттық палатаның (РНП) 2021 жылғы желтоқсанда Халықаралық нотариат одағына (ХНО) кіруіне байланысты. Ұйым Президенті біздің елімізде сот органдары мен нотариат арасында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл бар екеніне көз жеткізу мақсатында Қазақстанға келді. Снежанна Имашева өз сөзінде қонақтарға Мәжілістің РНП-мен ынтымақтастығы туралы айтып берді, оның өкілдері заң жобалары бойынша тұрақты жұмыс істейтін бірқатар жұмыс топтарының жұмысына, Комитеттің көшпелі отырыстарына және басқа да іс-шараларға қатысады. – Дәл осы 2021 жыл "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң аясында бірқатар жаңалықтарды енгізу кезеңі болды. Ол Мәжіліс депутаттарының бастамасымен нотариат саласындағы заңнаманы жетілдіру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық жүйесін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Өз кезегінде Лионель Галлиез Парламенттің ел заңнамасын жетілдіруге қосқан үлесін атап өтті, соның арқасында Қазақстан нотариатының өзі басқаратын халықаралық ұйымға кіруі мүмкін болды. Ол сондай-ақ Одақ мүшелері болып табылатын нотариаттар қызметінің негізгі қағидаттарын баяндайтын кодексті құру жөніндегі ХНО жоспарлары туралы айтты. Снежанна Имашева атап өткендей, қазақстандық нотариаттың құзыреті заңнамалық деңгейде дамуын жалғастыруда. Оның айтуынша, депутаттық корпус нотариат институтының қоғамдағы рөлін одан әрі нығайту үшін жұмыс істейтін болады. Қазақстан тарапынан кездесуге мәжілісмендер Дмитрий Колода мен Унзила Шапақ, РНП Төрайымы Әсел Жанәбілова, шақырылған тараптан – Франция нотариаты Жоғары кеңесінің вице-президенті және бас директоры Лоуренс Легуил және Жером Ференбах қатысты.