ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
Бүгін Астанада Орталық Азия елдері әйелдерінің «Инновациялар мен технологияларды дамытудағы әйелдердің рөлі” тақырыбындағы диалог отырысы өтті

Диалог қонақтары, ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері Ерлан Қошанов, Конституциялық Соттың Төрайымы Эльвира Әзімова, Республика Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Мирослав Енча құттықтау сөз сөйледі. Е. Қошанов цифрлық гендерлік алшақтықты жою Орталық Азия елдерінде басым болуға тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар гендерлік теңдік үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сессия жұмысының қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері әйелдерінің 2023 жылға арналған диалог іс-шараларының жоспары қабылданды. Оған Алматыда "Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік" халықаралық конференциясын өткізу кірді. "Әйелдердің қатысуымен инновациялар мен технологияларды дамыту саласындағы үздік тәжірибелер" тақырыптық сессиясында әйелдердің жаңа технологияларды дамытудағы рөлін көрсететін табысты инновациялық жобалардың тұсаукесері өтті. Сессия шеңберінде қатысушылар ауылдық аудандарда әйелдер стартаптарын, жасанды интеллектті, цифрландыруды дамытуға бағытталған цифрлық жобаларды талқылады, сондай-ақ отбасы мен қоғамның, әйелдер кәсіпкерлігінің, кәсіптік білім алу мен жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған әзірлемелерді қарады.