ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
Бүгін Орталық Азиядағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының өңірлік өкілі Ханс Фридрих Шодрермен кездесуі өтті

Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің атынан Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева, Парламент Мәжілісінің депутаттары М.С. Башимов, Ж.Д.Сүлейменова, Ю.В.Кучинская, БҰҰ БЖКБ атынан Ханс Шоддер - Орталық Азиядағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының өңірлік өкілі, БҰҰ-ның босқындар по жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Қазақстан Республикасындағы -қызметкерлері И.Ж. Билялова, М.М. Рахимбеков қатысты.  С.Имашева Х.Шоддерге Қазақстанмен босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарды қорғау, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың алдын алу және қысқарту мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. ҚР Парламенті Мәжілісі БҰҰ БЖКБ жүргізетін гуманитарлық қызметті бағалайтынын және толық қолдайтынын атап өтті. Қазақстан тиісті мәселелерді шешуге, оның ішінде Босқындар туралы Жаһандық Шартты іске асыруға сындарлы үлес қоса отырып, азаматтығын қысқарту, босқындарға, ішкі қоныс аударған адамдарға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға қорғау және гуманитарлық көмек көрсету жөнінде белсенді іс-қимыл жасайды. Мәселен, азаматтығы жоқ адамдар мәселесін шешу шеңберінде 2019 жылдың қараша айының соңында Қазақстан аналарында жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ балаларға туу туралы куәліктер беру бойынша қабылданған міндеттемені орындады. Бұл жағдайды БЖКБ өкілі босқындар форумының қорытындылары бойынша міндеттемелерді орындаудың оң мысалы ретінде атап өткені қуантады. 1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы 1951 жылғы "Босқындар мәртебесі туралы" конвенцияға және оның 1967 жылғы хаттамасына ресми түрде қосылып, босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдында белгілі бір міндеттемелер алды. 2009 жылғы желтоқсанда "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оның негізгі мақсаты шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға пана беру, сондай-ақ босқындар мәртебесін беру қатынастарын реттеу жүйесін қамтамасыз ету болып табылады, деп атап өтті С.Имашева.