ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
Финляндия Әділет канцлері Парламент Мәжілісінің депутаттарымен тәжірибесімен бөлісті

Кездесуде біз сот жүйесін заңнамалық реттеуде тәжірибе алмастық. Мен Қазақстанның Финляндия атынан Солтүстік Еуропа өңірінде маңызды әріптес ретінде көретінін және ынтымақтастықтың барлық векторлары бойынша өзара іс-қимылды одан әрі арттыруға мүдделі екенін атап өттім. Сондай-ақ, Әділет канцлерін Қазақстандағы терең саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың ауқымды бағдарламасы туралы хабардар етті. - Уақыт талаптарына сүйене отырып, 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстанда конституциялық референдум өтті. Референдум қорытындысы бойынша қабылданған заңдар Президенттің өкілеттігін басқа билік институттарына қайта бөлуге, биліктің өкілетті тармағын қайта форматтауға, сайлау жүйесін жетілдіруге, құқық қорғау институттарын күшейтуге және сайлау процесін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Туомос өз кезегінде Қазақстандағы саяси және заңнамалық өзгерістердің маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ Финляндияның сот жүйесінің ерекшеліктері туралы айтып, Қазақстандағы алдағы сот реформасы аясында қазақстандық әріптестерімен осы бағыттағы тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Кездесуге Финляндия Республикасының ҚР – дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист және басқалар да қатысты.