Иса
Қазыбек
Жарылқасынұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС ІС-САПАРЫ

Алматы облысына жұмыс іс-сапары (14 - 22.07.2021ж.)


  Жаркент қаласындағы Мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерімен, ауылшаруашылығы және экономика саласы өкілдерімен, мұғалімдер мен дәрігерлермен, еңбек ардагерлерімен де кездесті.

Халық бірінен соң бірі мінбеге шығып, өз пікірлерін, ұсыныс, тілектерін жарыса айтты.

Жиында қозғалған ең басты мәселелер:

1. Мәдениет үйлерінің қиын жағдайы;

2. Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау;Image titleImage title

3. Судың қымбаттап кетуі мәселесі;

4. Жер мәселесі, жайылым жайы және т.б.;

5. Медицина қызметкерлерінің пандемия кезіндегі атқарған жұмыстары.


Image title


 Қырықұдық ауылында халықпен кездесу өтті. Халықтың басты проблемасы судың жетіспеушілігі. Ол таңғы 9-12 сағат аралығында ғана беріледі.Үлгірмегендер тіршілік көзі судан қағылады.


Image titleImage title

Су демекші жер астынан шығатын ауызсу ауылдықтарға арман болғанымен, көктен таматын тамшыдан қатер көп. Жауын жауса, үй төмесінен су тамшылайды.

Үйдің шатырын жабуды ұйымдастыру, тұрғындарды таза сумен қамтамасыз ету адамның қолымен жасалатын әрекет емес пе? Көпқабатты үйге 20 жылдан бері бір ғана су көзінен таласа-тармаса су тасып жүріп қажыған тұрғындар ақжолдықтарды осы жаймен таныстырды.


Әулиеағаш ауылында жергілікті халықпен, медицина және білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Басты көтерілген мәселелер: ауылдағы медицина қызметкерлерінің пандемия кезіндегі атқарған жұмыстары, мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау.


Image title


Депутат Шелек ауылдық округінің мәдениет үйінде жергілікті халықпен, мәдениет және әкімшілік қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында бірнеше мәселелер анықталды: 800-ден астам отбасыда баспана жоқ, жер алуға кезек жылжымайды, жұмыссыздық проблемасы шешілмеуде – жайылымдық жер жоқ, қандастар арасында азаматтықты ала-алмауы.

Халықты жер учаскелері мен жайылым мәселелері бойынша толғандыратын сұрақтарға Шелек ауылы әкімі Сәкен Әбдіғалиев жауап берді.


Image title

Депутат Мәдениет үйінде орналасқан суретші-шебер Ақан Серікұлының домбыра жасау шеберханасымен танысты.


Талдықорған қаласында депутат халықпен өткен кездесулер бойынша негізгі проблемалар мен олардың шешу жолдарымен, алдағы жоспарларымен баспасөз маслихатында таныстырып өтті.