Иса
Қазыбек
Жарылқасынұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС ІС-САПАРЫ (18.02.2022ж.)

Келес ауданы

Түркістан облысы Келес ауданы «Біртілек» ауылы тұрғындары газ жеткізіп беруге ықпал еткен «Ақ жол» партиясы депутаттарына рахмет айтты.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Азат Перуашев пен Қазыбек Исамен кездесу үшін ауыл тұрғындары күре жолға шығып күтіп тұр екен.

Ауылдарына көгілдір от жетіп, газ жағып отырған «Біртілектіктердің» көңілдері де көтеріңкі екен. Кезінде газ жеткізу құрылысы талапқа сай жүргізілмегендіктен, төрт жыл бойы газсыз отырған ауыл 2020 жылы күзде дәл осы жолда «Ақ жолдықтарды» күтіп алып, арыздарын жеткізген еді. Ауыл тұрғындарының қолы қойылған хат Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашевтің қолына тапсырылған болатын.

Ал бір жылдан кейін, 2021 жылдың күзінде «Ақ жол» фракциясының араласуымен ауылға газ берілді.

Аманаттарының орындалғанын шын ризашылықтарын білдірген «Біртілек» ауылының тілектері де аз болмады тағы да айтатын…

Бұл ауыл тұрғындары да айтқан ең басты мәселелер:

1. Ауылға су жетіспеушілігі;

2. зейнет жасын азайту қажеттілігі;

3. несие пайызын кеміту туралы;

4. азық-түлік бағасының қымбаттығы;

5. көшелерді жарықтандыру;

6. тыңайтқыш дәрілердің бағасы тым қымбат болуы;

7. науқастар үшін портал мәселесінің қиындығы.


Жетісай ауданы

Ақжолдық депутаттардың Түркістан облысы Жетісай ауданындағы сапары Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы мектептен басталды. Депутаттарды мектеп алдында Жетісай ауданы әкімі Мұрат Қадырбек қарсы алды.

Түркістан облыстық мәслихаты депутаты Анарбек Орман мен Жетісай аудандық мәслихаты депутаты Эльмира Темірбаева демеушілігімен осы мектепке жасыл алаң салып берген болатын.

Осы алаңшаның ашылуына байланысты салтанатты жиында Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл қою рәсімі болды.

Сондай-ақ Жетісайда «Ақ жол» партиясынан Түркістан облысындағы барлық облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарының жиынын өткізіп, ағымдағы міндеттер, саяси реформаларға деген көзқарастар мен өзекті мәселелерді, елдің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін қолдауда қоғамды топтастыру қажеттілігін талқылады. Өкінішке орай, бұл бүгінгі таңда риторикалық сөздер емес, нағыз қажеттілік.

Одан кейін депутаттар күн панельдері бойынша жаңартылатын ЖЭК энергия стансасының жұмысымен танысты. Жасыл энергияға көшудің шығындары мен мүмкіндіктерін, тарифтердің өсуі мәселелерін, отандық өнімнің өзіндік құнын және осыған байланысты туындайтын «энергетикалық лас» тауарларды, бірінші кезекте шикізатты экспорттауға қатысты сыртқы санкцияларды талқылады.

Түс ауа Жетісай өңірінің кәсіпкерлерімен кездесу өткізіп, оларды толғандырған тақырыптарды талқылады. Тағы да ең өзекті мәселе – суаруға арналған судың тапшылығы мен суару суына тарифтің үш-төрт есеге көтерілуі. Облыстағы ең көп мақта өндіретін Жетісай ауданындағы 78 мың гектар ауылшаруашылық алқаптарының тең жартысына жуығы мақта шаруашылығына тиесілі. Алайда, су тапшылығы, дизельдік отынның, тыңайтқыштар мен химикаттар бағасының шарықтап кетуіне, топырақтың сарқылуына және егін өнімінің төмендеуіне байланысты бұл шаруашылықтардың барлығы іс жүзінде банкротқа ұшырауда. Олар үшін басқа салаға өз бетінше көшу мүмкін емес, өйткені мақта ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтары спецификалық және өсімдік шаруашылығының басқа түрлеріне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дағдыларына сәйкес келмейді.

«Шаруалар тығырыққа тірелді, әкімдік те, кәсіпкерлер қауымдастығы да мәселенің нақты шешімін ұсына алмауда.

Сондықтан олардың барлық өтініштері бәріне субсидияларды көбейтуге ғана кеп тірелуде.

Бірақ бұл экономика емес, бюджет қаражатын ақтамайтын іс-шараларға жұмсау тиімсіз және-өнімсіз» - деді нарық заңына сүйенген Азат Перуашев.

Сондықтан шаруалар мен диқандарға ұсыныстарын функционалды түрде тұжырымдауды ұсынды. Мақта егетін өңірлердегі (Жетісай, Мақтаарал, Шардара т.б.) депутаттарымыз бұл мәселемен айналысады деп келісті.

Облыстық мәслихаттың депутаты, мақта тазалау зауытының иесі Абдурасул Құрбаналиев өз тәжірибесін ескере отырып, бұл ұсыныстарды дайындап, үйлестіруді өз мойнына алды.

Көтерілген мәселелер:

1. Жасыл экономиканы және жаңаратпалы энергия көздерін дамыту;

2. электр жарығына деген тапшылықты азайту;

3. мақта егетін кәсіпкерлерге субсидияны ерте беру;

4. жолды жаңарту;

5.үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету;

6. жеке кәсіпкер ашқан мектепке дейінгі білім беру орнынның ашылуына көмек беру.

Image title

Image title



Шардара ауданы

Шардара аудандық әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті ақсақалдарымен кездесу өткізілді. Кездесуде «Ақ жол» партиясы депутаттық сауалының арқасында қаңтардағы қақтығыс кезіндегі, жазықсыз қамалған азаматтың бостандыққа шығуы бойынша, «Ақ жол» партиясына алғыс айтылды.

Депутат Қазыбек Жарылқасынұлының Шардара ауданының құрметті азамат атағына марапатталды.

Сондай-ақ, Шардаралық шаруалар мен диқандар атынан сөйлеген Шардара аудандық мәслихаты депутаты Бекмағанбет Кеншин суармалы су 3-4 есе қымбаттап, 1 гектары 14 мыңға жеткенін жеткізді. Күнде сойылып жатқан малдың жүні мен терісін пайдаланбау салдарынан шығынға ұшырау мәселесіне де тоқталды. Мал шаруашылығын қолдау аясында шаруаларды терілерді бастапқы өңдеуге, сақтауға және одан әрі өткізуге арналған қымбат емес құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету орынды болар еді. Әзірше бұл шикізаттың орасан көп мөлшері шіріп, қоқысқа тасталып, қоршаған ортаны ластауда.

Азат Перуашев бұл идеяны «Ақ жол» ҚДП депутаты Ерлан Барлыбаев басқаратын Мәжілістің аграрлық комитетінде көтеруге уәде берді.


Image title

Image title