Иса
Қазыбек
Жарылқасынұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС ІС-САПАРЫ (17.02.2022ж.)


ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, «Ақ жол» фракциясы мүшелері елмен кездесуді бүгін бастап кетті.

Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев пен Қазыбек Иса бүгін Шымкент қаласындағы «Гауһар» тігін фабрикасына барды.

«Гауһар» тігін фабрикасында 300-ге жуық адам жұмыс істейді.

Арнайы киімдер, мектеп формасын және т.б. тігеді.


Image title

Image title



Депутаттар 306 гектарға орналасқан «Жұлдыз» өндірістік аймағына барды. Бұл өндірістік аймақта болашақта 5 мың адам жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ «Оңтүстік экономикалық аймағында» болып, химиялық өнім шығаратын зауыттың жағдайымен танысты.


Image title


Шымкент қалалық полиция департаментінде полицейлер алдында депутаттар Азат Перуашев пен Қазыбек Иса сөйлеп, парламенттегі қабылданып жатқан заңдармен таныстырды. Қаңтар қасіретінен кейінгі жағдайды сөз етті.

«Ақ жол» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Әлімхан Әбжанов полиция жұмысын жақсарту жолдарын айтып, өз ой-пікірлерін білдірді.

Шымкент қалалық полиция департаменті бастығы орынбасары Алмас Әмзеев депутаттарға алғыс айтып, департамент жұмысымен таныстырды.

Депутаттар департаменттегі қаланы камералық бақылау орталығымен танысты. Қаңтар бүлігіндегі қала әкімдігіне шабуылдаудың видеосын көрді.

Бейнекамераларға Шымкент қаласының 98 пайызы қамтылған. Яғни, ешкім жазадан құтылып кете алмайды немесе жазықсыздар жала құрбаны бола алмауына негіз бар деуге болады.

Image title

Image title

Депутаттар түстен кейін Шымкент қаласы Абай ауданы Ынтымақ-2 ауылы тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімі Бұқарбай Парманов ауылдың даму жоспарымен таныстарды.

Аудандағы 34 елдімекенде 336 мың тұрғын бар. «Ынтымақтықтар» «Ақжолдық» депутаттарға арыздарын жеткізіп қалды.

Ауыл тұрғындары айтқан ең басты мәселелер:

1. Ауылға жол салу;

2. газ жеткізу;

3. мектеп салу;

4. зейнет жасын азайту;

5. несие пайызын кеміту.

Тұрғындар алдында депутаттар Азат Перуашев пен Қазыбек Иса сөйлеп, ел аманаттарының орындалуына күш салатындарын жеткізді.

«Ақжолдық» Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесті.

Мұрат Әйтенов Шымкенттегі қаңтар кезіндегі жағдайды айтып, халықпен қалай жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Шымкент қаласы республика бойынша ең елдімекені көп қала екен, 81 елдімекен бар.

Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Баһадүр Нарымбетовпен әңгіме халық алдындағы депутаттар рөлін арттыру мәселесі сөз болды.

Бұдан кейін «Ақ жол» партиясы Шымкент қалалық филиалы офисінде кәсіпкерлермен кездесу болды. Барлығы өз арыздарын айтты. Кезінде Қазығұрт ауданы әкімі, ҚР Жоғары Кеңесі депутаты болған Әбдімүтәліп Көбеев ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша ұтымды ұсыныстарын айтты. Ауыл шаруалары үшін Агробанк ашудың тиімділігін нақты дәлелдермен баяндады. Қазір көптеген ауылдарда адам саны 20 мыңнан, 30 мыңнан да асып кетті. Ауылдан қалаға көшу урбанизациясын бәсеңдету үшін заңнамаға сай тұрғындары 10 мыңнан асқан кенттерге қала статусы берілуі керек. Бірақ ауылға және ауылшаруашылығына берілетін жеңілдіктерден айрылып қалмау үшін қалаға айналмай келеді. Сондықтан Әбекең тұрғындары 10 мыңнан асқан кенттерге қала статусын беруді ұсынды. Сонда еліміз бойынша кемінде 50 ауыл қалаға айналса, 1 миллиондай тұрғын қалалық болып шығады.

Ең ауыр жұмыс кешегі қанды қаңтарда балалары тұтқындалған ата-аналармен кездесу болды. «Баламыз жазықсыз қамауда отыр» деген 27 арызданушының арызына байланысты бірден Бас прокуратураға хат жолданды.

Ал 2019 жылы «Көкжайлау-2» ТК үй алуға үлескер болып, ақша аударған 60 адамның атынан келген Жәнібек Еспенбетов, Қайнар Исаев, Ғалым Құлажановтар қазір үйлерін екі жыл бұрын алуы тиіс үйлерін әлі ала алмай жүргендеріне шағынды.

Image title