Иса
Қазыбек
Жарылқасынұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Жарылқасынұлының Қызылорда облысына жұмыс іс-сапары (09-10.01.2024ж)








ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Жарылқасынұлы аймақтарға жұмыс сапары аясында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауылының Манап, Бесарық ауылдарының халқымен кездесуімен басталып, Манап ауылындағы су тоғаны жағдайымен, Бесарық ауылындағы науалық суғару жүйесінің құрылысымен танысты.

Image title

Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылы (Бесарық). Жаманбай батыр ауылы тұрғындарымен кездесу.


Image title

«Бесарық су қоймасынан» бастау алып ауылға тартылып жатқан науалық суағардың құрылысымен танысу.




Image title

Одан кейін депутат Жаңақорған ауданы, «Сығанақ» қалашығының тарихымен және ондағы қазба жұмыстарымен танысты. 




Image title

Жаңақорған ауданы, Сунақ Ата ауылы, «Сығанақ» тарихи қалашығы.




Image title


2024 жылдың 9 қаңтарында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Иса Қазыбек Жарылқасынұлының Қызылорда облысы, Шиелі аудандық кітапханасында ауданның зиялы қауым өкілдерімен  кездесуі өтті. 

Кездесу басында Шиелі ауданы әкімі Ахатов Нұржан Қазыбек ағамызға келіп сәлем берді.  Қазыбек Жарылқасынұлы Парламент мінберіндегі Ақ жолдықтардың көтеріп жүрген мәселелері мен түрлі заң шығарушылық қызметтеріне шолу жасады. Зиялы қауым өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін  жеткізді.


Image title

Кітапханаға "Ақ жол" партиясы атынан «Ақ жол» газетінің толық саны жинақталған  25 томдық "Ақ жол" кітаптары тарту етілді. 


Image title

Кездесу соңында Шиеліліктер Қазыбек Жарылқасынұлынан автографтар алып, естелік суреттерге түсті. Ақсақалдар Ақ баталарын беріп, алдағы істеріне Ақ жол тіледі.



Image title

2024 жылдың 10 қаңтарында «Ақ жол» партиясының ҚР Парламент Мәжілісіндегі депутаты, партия төрағасының орынбасары Иса Қазыбек Жарылқасынұлы Қызылорда қаласындағы "Достық үйі" орталығында зиялы қауым өкілдерімен кездесті.



Image title

Депутат 2024 жылдың 10 қаңтарындағы Қызылорда облысындағы жұмыс сапары шеңберінде "Анаға тағзым" орталығы жұмысымен танысуға ұласты.


Image title

Орталық 2023 жылы қыркүйек айында Қызылорда облысының 85 жылдығы аясында халыққа табысталып, қазіргі уақытта ел игілігіне жұмыс жасап жатыр. Орталық жұмысымен танысу соңында Қазыбек Жарылқасынұлы "Лебіздер кітабына" өзінің жүрекжарды тілегін жазып қалдырды.