Ким
Вера
Александровна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бұл туралы тек екі адам тіс жармады. Депутат жастарды жазғырмағандар туралы айтты

Бұл туралы тек екі адам тіс жармады. Депутат жастарды жазғырмағандар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесу барысында айтты.

Әрбір екінші қазақстандық жастардың құрамына жатады. Біздің болашағымыз үлкен. Жастары көп ұлт ретінде жастар саясатына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Елбасы мен Президент  жастар саясатына ерекше көңіл бөлу туралы жиі айтады. Қоғамның жаңғыру жағдайында және адам капиталын дамыту аясында жастарды дамыту елдің дамуы мен жаңғыруының негізгі тетігіне айналуы керек, - деді ол. 

Депутат атағандай, әлемдік дамудан қалыс қалмау үшін сананың ашықтығын насихаттауымыз керек. 

Былтыр 2019 жылмен салыстырғанда қылмыстық істер 30 пайызға азайғанның өзі маңызды болып отыр. Себебі қылмыстардың басым бөлігі жастармен байланысты болады. Бас прокуратура да бұған назар аударып отыр. Жастардың арасында қылмыстың азайғаны қуантады. Демек жастар ертеңін ойлайтын, болашағына үмітпен қарауды үйреніп келе жатыр. Біз үнемі жастардың бұзылып кеткенін айтып, көңіліміз толмай жатады. Бұл туралы тек екі адам ғана тіс жармады. Олар – Адам мен Хауа ана. Себебі олардың кезінде адам болмады. Келесі ұрпақты кінәлай алмады. Ал адамдар жастар басқаша екенін айтты, - дейді Әбдірахманов. 

Депутат адамзатты алға жылжытатын бәрібір жастар екенін алға тартты. 

Біздің қоғамымызды да алға жылжытатын жастар болады. Бұл орайда Президент жастарға туған тілі мен өзге тілдерді білу бойынша талап қойды. Біз жастарды барлық біліктілікке үйретуіміз керек. Мемлекет жастарды қоғамдық істерге тарту бойынша ауқымды іс атқарып жатыр. Мәжіліс құрамында жастар үлесі де артты, - деді ол.

https://baq.kz/news/othernews/bul-turaly-tek-eki-adam-tis-zharmady-deputat-zhastardy-zhazgyrmagandar-turaly-aytty/