Ким
Вера
Александровна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өңір тынысымен танысты

Парламент Мәжілісі депутаттарының жұмыс сапары Тайынша ауданынан бастау алды. Мұнда қоғамдық кеңес, үкіметтік емес ұйым мүшелерімен, белсенді жастармен кездесіп, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша пікірлер алмасты. Түйткілдерді шешудің біріккен жолдарын талқылады.

Қызылжар ауданында өткен жүздесулерде халық қалаулылары жұртшылықтың пікірін тыңдап, қойылған сауалдарға жауап берді.

Депутаттар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның қоғамдық-саяси өмірдегі орны, этносаралық қатынастар саласындағы бастамашылық іс-қимылдары, ел татулығы мен бірлігін нығайтудағы зор үлесі жайлы әңгімеледі.

Кездесулер облыс орталығында жалғасын тауып, халық қалаулылары Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелерімен, этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен жолығады деп жоспарланған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.


http://www.soltustikkaz.kz/index.php/sai-asat/17880-ir-tynysymen-tanysty