Ким
Вера
Александровна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары - өңірде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Нұркина, Анатолий Бойчин және Вера Ким «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қолдау көрсету, әлеуметтік материалдық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Оған көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар да қатысты. Депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл құрылған «Қазақстан халқына» қорының мүмкіндіктеріне тоқталып өтті. Аналар қауымы «Әлеуметтік қызметтер» порталында көптеген проблемаларға тап болғанын айтты. Атап айтсақ, олар тауарлардың сапасын анықтап, әрбір тәуекел үшін өздері жауап беруі керек. Денсаулық сақтау жүйесіне сенімсіздік танытқан аналар қауымы кейбір жағдайларда балаларға диагноз дұрыс қойылмағанын атап, медициналық қызметкерлердің жұмысы жайлы сөз қозғады. Кездесу барысында мүгедектердің мүмкіндіктері ескеріле отырып, «Кедергісіз келешек» партиялық бағдарламасын жүзеге асыру барысы пысықталды. Мүгедек балалар үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтардың жетіспеуі, дәрі-дәрмек қоры, тыныс алу құралдары, зейнетақы аударымы, жеке көмекшілер мен мүгедектерге күтім жасайтын адамдар үшін зейнеткерлік жасты төмендету сынды мәселелер көтеріліп, ұсыныстар тыңдалды. Сонымен қатар, бұл күні Мәжіліс депутаттары Павлодар ауданы Кемеңгер ауылындағы аграрлық колледж студенттерінің жағдайымен танысты. Әлеуметтік желілерде колледж жатақханасында температураның нормадан төмен екендігі туралы шағым болған. Депутаттар жастармен кездесіп, қазандықтың жұмысы мен жылыту сапасын тексерді. Отандық ауыл шаруашылығы кадрларының ұстаханасына айналған аграрлық-техникалық колледж студенттері дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жоқтығын айтып, шәкіртақының мөлшерін ұлғайту туралы тілектерін білдірді. Бүгінгі таңда 900-ге жуық студент білім алатын оқу ордасында түрлі инновациялар, дуалды оқыту халықаралық тәжірибесі енгізілуде.

- Қалалық және ауылдық колледждердің оқушы-ларын теңестіру туралы ұсыныс айтылды. Үздік оқитын қалалық студенттердің шәкіртақылары ауылдық мекендерде білім алатын студенттердің шәкіртақыларынан екі есе жоғары. Біз бұл мәселені жеке бақылауға алып, Үкімет отырысында талқыға саламыз. Мемлекет басшысы жастардың әлеуметтік-экономикалық бейімделуі жайлы мәселе көтеріп, ауылдық жерлерде тұратын жастармен өзара байланыс орнату, олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау керектігін айтты. Сол себепті, жергілікті атқарушы органдар алдымен ауыл жастарына көңіл бөліп, оларды баспанамен және жұмыспен қамтамасыз етуі керек, - деді Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина. Аталған оқу орнындағы жас мамандарды тұрғын үй мәселесі де толғандырады. Халық қалаулылары өз ұсыныс-тілектерін айтып, жастармен пікір алмасты. Бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелер көтеріліп, айтылған барлық ұсыныстар депутаттардың назарына алынды.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


https://saryarka-samaly.kz/zhaniliktar/m-zhilis-deputattary-irde/