Ким
Вера
Александровна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары павлодарлықтарға Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы баяндады

«AMANAT» Павлодар облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, халық қалаулылары алдымен облысымыздың медициналық ұйымдарының қызметкерлерімен кездесіп, 5 маусымда өтетін референдумның маңыздылығын түсіндіріп өтті. 

- Бұл референдум әр қазақстандыққа өзінің пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Конституцияға енетін өзгерістер бес бағытқа бөлінетін болады. Осылайша алдымен суперпрезиденттіктен арыламыз. Ел тұрғындары мемлекетті басқару процесіне кірісе алады. Бұл бес бағыт бір адаммен немесе депуттармен емес халықпен, елмен бекітіледі. Халық үніне құлақ асатын мемлекет форматына өтіп жатқанымыз дұрыс. Осылайша Конституцияның 3-тен бір бөлігіне өзгеріс енетін болады, - деді Вера Ким.

Ақ халаттыларға алдымен депутат Айгүл Нұркина Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы баяндама ұсынды. 30 жылдық тарихы бар елімізде қандай заңнама қай уақытта өзгертілгені де айтылды. 


- Осыдан 27 жыл бұрын болған Ата заңдағы өзгерістер енді міне жаңа леппен Жаңа Қазақстанға бағыт бермек. Референдум -Қазақстан халқына үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.  Ата заңға өзгерту енгізу мемлекетімізде көптеген өзгерістерге әкеледі. Менің өмірімде референдум бірінші рет болғалы тұр. Жалпы жанұяммен референдумға барамыз деп жоспарлаудамыз, - деді өз сөзінде кардиологиялық орталықтың дәрігері Думан Изгутдинов.

Сондай-ақ, бүгін мәжілісмендер облыстық білім беру саласының өкілдері мен Павлодар қаласының трамвай басқармасының ұжымымен кездесулер өткізеді. 

Айта кетерлігі, халық қалаулылары  облыстың барлық азаматымен ақпараттық жұмыстар жүргізеді. Шалғайдағы елдімекен тұрғындары да назардан тыс қалмайды.