Ким
Вера
Александровна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
KOICA бағдарлама бойынша Корея университеттерін бітірген қазақстандық түлектер қаумыдастығынан 2021 жылы COVID-19 індетке қарсы күреске өтеусіз көмекті тапсыру рәсімі.

Бұл рәсімге Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші Ку Хонг-сок, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Ким Вера Александровна және KOICA түлектер қауымдастығының президенті Садықова Гүлдана Тілегенқызы қатысты.

Елші Ку Хонг-сок пен KOICA түлектер қауымдастығының президенті Садықова Гүлдана Тілегенқызы бірге Ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Ким Вера Александровнаға 4 000 доллар көлемінде маскаларды, қорғаныс комбинезондарды, медициналық береттерді, диспенсерлерді өтеусіз көмек ретінде тапсырды. Бұл жеке қорғаныс құралдары Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан 8 ауруханаға жеткізіледі.

«Бұл көмек медициналық қызметкерлердің денсаулығын қорғауда пайдалы және практикалық көмек болатындығына сенімдімін. Корея Республикасы Қазақстан Республикасының стратегиялық серіктесі ретінде Қазақстандағы COVID-19-ға қарсы күреске белсенді түрде атсалысып тұрады және біздің елдеріміз арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыруды жалғастырады», - деді елші Ку Хун- сок деді.


https://overseas.mofa.go.kr/kz-kk/brd/m_9008/view.do?seq=761622