Ким
Вера
Александровна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтерлер беру құрылысын 2025 жылға дейін қаржыландыруды ұзарту бөлігінде Мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу бойынша

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Ел басшылығы жастар саясатына, атап айтқанда, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге баса назар аударып келеді.

Мәселен, 2019 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтін жастарға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жалдамалы тұрғын үй берілуде.

2019-2020 жылдары жас мамандар мен жас отбасыларға 4 мыңға жуық пәтер берілді.

Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тағы да 3 мың пәтер берілетін болады.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасына сәйкес Үкімет 2021 - 2025 жылдар аралығындағы кезеңде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтін жастарға жыл сайынғы негізде тұрғын үйлерді жалға беруді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысына жыл сайынғы қаржыландыру 2022 жылдан бастап көзделмеген.

Осыған байланысты, жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтерлер беру құрылысын 2025 жылға дейін қаржыландыруды ұзарту бөлігінде Мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу қажет деп есептейміз.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес жазбаша жауапты заңда белгіленген мерзімде беруді сұраймыз.

Құрметпен,

«Nur Otan»

партиясы фракциясының депутаттары А. Нұркина, С. Имашева, И. Унжакова, В. Ким, Ж. Сүлейменова