Ким
Вера
Александровна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жан басына нормативтік қаржыландыру туралы

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Жеке меншік балабақшалар мұғалімдерінің жалақы деңгейіне байланысты тағы да Сізге жүгінудемін.

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру, атап айтқанда, оларды қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қатысты мәселе көтерді.

Сіздің депутаттық сауалға берген жауабыңызға сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қолдау үшін: салық төлеуден босату; шығындарды жабуға мүмкіндік жасау мақсатында мемлекеттік тапсырысты бармай факт бойынша орналастыру; жалақыға үстемақы төлеу сияқты тиімді шаралар қабылдады.

Жергілікті бюджеттің нормативті қаржыландыру көлемінде жеткіліксіз қаражат мәселесі туындаған облыстардың әкімдіктері ағымдағы жылдың республикалық бюджетінен қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер жіберді. Алайда республикалық бюджеттен тиісті ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінген жоқ.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын:

1. Неліктен бұл қаржыландыру 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеді («2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 44-VII Заңы»)

16.06.2021 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0)

2. Ағымдағы қаржы жылында Түркістан және Алматы облыстарына қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр ма? 3. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жан басына нормативтік қаржыландыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттерге қажеттілігінің тұрақты мониторингі жүзеге асырыла ма?

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес Сізден депутаттық сауалды қарау туралы заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймын.

Депутаттар

Д. Назарбаева

А. Рау

Ф. Қаратаев

Е. Өмірғали

Ә. Әбсеметова

С. Ақышев

С. Мусабаев

И. Смирнова

В. Ким

Ж. Сүлейменова