Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЗАҢ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТАНЫСТЫРЫЛЫМ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ КОДЕКСТЕРІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ»

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжіліске қылмыстық кодекстерді оңтайландыру мәселелері туралы заң жобасы таныстырылды

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Жиынға Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық комитетінің төрайымы Снежанна Имашева жетекшілік етті. Отырысқа Мәжіліс депутаттарымен қатар Жоғары Сот, Бас Прокуратура, министрліктер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар т.б. қатысты. Заң жобасын депутаттарға ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова таныстырды. Оның айтуынша, ұсынылған заң жобасы қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ қоғамның өзекті, өткір мәселелерін шешеді. Түзетулер қылмыстық процестің барлық қатысушысының мүддесін сақтауды ескере отырып әзірленген. Вице-министр заң жобасын егжей-тегжейлі талқылау үшін 3 блоктағы негізгі түзетулерді қарастыруды ұсынды. Олар: қылмыстық кодексті (ҚК), қылмыстық-процесік кодексті (ҚПК), қылмыстық-атқару кодексін (ҚАК) жетілдіру. Олар бойынша жұмыс 2022 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Жобалық кеңсе мен Ведомствоаралық жұмыс тобында жүргізіліп, сот төрелігіне кедергі келтіретін нормалар анықталды. Атап айтқанда, Қылмыстық кодексте кінәні мойындау түріндегі іс жүргізу келісімі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатуды алып тастау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың санкцияларын жасалған әрекетке барабар жаңарту, олардың кейбіреулері бойынша ережелерді түзету ұсынылып отыр. «Осылайша, заң жобасында коллекторлық агенттік қызметкерінің өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, қарыздарды өндіріп алудың заңсыз әдістерін қолданғаны, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны және т.б. үшін жауапкершілікке тарту көзделіп отыр. Бұл шара құқықтық сауатсыздық салдарынан коллекторлық агенттіктердің жосықсыз қызметкерлерінің қысымы мен айла-шарғысына ұшырауы мүмкін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді», — деді Алма Мұқанова. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қорғау актісін енгізу, адвокатқа прокурордың келісімімен БАҚ-та өзінің қорғаушысына қатысты қылмыстық қудалау органдарын жариялауға теріске шығаруды жариялауға мүмкіндік беру, қылмыстық істерді әдепкі бойынша электронды форматта жүргізу ұсынылды. ҚАК шеңберінде қылмыстық жазаларды тағайындау түрлері мен тәртібін өзгерту, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын жетілдіру, сондай-ақ олардың құқықтық жағдайын жақсарту жоспарлануда. Заң жобасымен азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, қылмыстық процестің бәсекелестігін нығайту, қылмыстық процесті оңтайландыру және «дебюрократизациялау» қамтамасыз етіледі. Баяндамадан соң депутаттар әзірлеушілерге сұрақтарын қойып, заң жобасын талқылады. Талқылау одан әрі жұмыс тобында жалғасады. Оған Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспан жетекшілік етеді.