Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
КОМИТЕТТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ «АДВОКАТТАР ЖӘНЕ ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРМЕН БІЛІКТІ ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ»

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжілісмендер халыққа құқықтық көмек көрсету мәселелерін талқылады

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысында адвокаттар мен заң консультанттарының білікті заң көмегін көрсету мәселелері талқыланды. Саланы дамыту үшін депутаттар Әділет министрлігіне «E-заң көмегі» ақпараттық жүйесін дамыту жұмысын жалғастыруды ұсынды. Дөңгелек үстелге жетекшілік еткен Комитет төрайымы Снежанна Имашева талқылаудың мақсаты адвокаттық қызмет пен заң көмегіне қатысты заңнамалық актілердің іс жүзінде қаншалықты дұрыс қолданылып жатқанын, бұл саланың қандай тиімді-тиімсіз тұстары барын анықтау екенін атап өтті. Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Заң көмегін цифрландыру жөнінде баяндады. Оның айтуынша, жыл сайын заң көмегіне жүгінетін азаматтардың саны артып келеді. Осы себепті министрлік «E-заң» ақпараттық жүйесін әзірлеген. Аталған жүйені осы жобаның жетекшісі әрі әзірлеуші Анар Иманбаева таныстырды. «Жүйе адвокаттар мен заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға, халыққа онлайн режимде білікті заң көмегін көрсетуге бағытталған. Азаматтар үшін заңгер мен заң кеңесшісін іздеу функциясы кері байланысқа тапсырыс беру арқылы жүзеге асырылады. Адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, мемлекет кепілдік берген көмекті онлайн режимде есептеу және төлеу процесі автоматтандырылды. Биыл жүйеге онлайн заңгерлік кеңес беру, адвокат пен заң консультантының орналасқан жерін анықтау секілді модульдер енгізіледі», – деді А.Иманбаева. Сонымен қатар жиында кәсіби қоғамдастық өкілдері баяндама жасады. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев адвокаттардың заң көмегін көрсетудегі өзекті мәселелеріне тоқталды. Ал Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай қазіргі жағдайда саланы дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты. «Статус» заң консультанттары палатасының төрағасы Руслан Жусанғалиев заң консультантының құқықтық мәртебесiн анықтау, шешу, сондай-ақ уәкiлеттi және мемлекеттiк органдармен өзара іс-қимыл жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен бөлiстi. Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар өз ұсыныстарын айтты. Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ адвокаттар мен заң консультанттарының құқықтық мәртебесіне қатысты сұрақтар туындауы екіталай болуға тиіс екенін айтты. «Заң консультанттары көмегінің түрі көбейіп кетті және оларға баға қаншадан басталатыны жөнінде ұғым да жоқ. Сондықтан білікті заң көмегін көрсету үшін міндетті түрде көрсетіп жатқан консультациямыздың түрлерін анықтауымыз керек. Оның ақшаға аударғанда өлшемі бар. Сонда халық та бізді түсінетін болады. Яғни біз бұл мәселені белгілі бір деңгейде критерийге, ақшаға аударуымыз, заң деңгейінде шешуіміз қажет», – деді Ү.Шапақ. Сондай-ақ депутаттар Әділет министрлігіне «Е-заң көмегі» жүйесін дамыту, атап айтқанда, заң көмегін көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы сот ісін жүргізуде адвокаттарды тағайындау бойынша жұмысты жалғастыруды, адвокаттық қызмет пен заң көмегі мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңына сәйкес келтіруді ұсынды. Жиынға мәжілісмендермен бірге мемлекеттік органдардың, адвокаттар алқасы мен заң консультанттары алқасының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен заңгерлер, Ұлыбритания мен Германия ғалымдары қатысты. Көшпелі отырыс аясында Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының жетістіктері мен жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.