Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: «ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ОЛАРДЫҢ ПРЕКУРСОРЛАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжілісмендер нашақорлықпен күресу шараларын талқылады

Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұйымдастыруымен «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға мәжілісмендермен қатар, министрліктердің, басқа да мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Отырыс «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың проблемалық мәселелері» заң жобасы аясындағы түзетулерді қамтыды. Жұмыс тобының жетекшісі Дмитрий Колода соңғы жылдары есірткі таралуының артуына байланысты тақырыптың өзектілігін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұл саладағы заңнамалық базаны жетілдірудің өзекті қажеттілігі туындап отыр. – Есірткі қылмысымен күрес және нашақорлықтың алдын алу мәселелері Конституцияда кепілдік берілген адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен тікелей байланысты. Халықтың денсаулығын, ел экономикасын қалпына келтіру, заң үстемдігі нашақорлыққа қарсы тиімді күресті одан әрі дамытуға тәуелді. Сондықтан нашақорлықпен күресті дамытудың мемлекетіміз үшін маңыздылығы мен қажеттілігі даусыз, – деді комитет төрағасы Снежанна Имашева. Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қажығали Имажанов 2019 жылы Мәжіліс депутаттарының ықпалымен «аналогтар» ұғымын, сутегі, оттегі, гидроксил топтары және басқа да элементтердің «алмастырғыштары» тізбесі енгізілген түзетулер жасалғанын айтты. Бұл қауіпті есірткінің барлық белгілі түрін бақылауға мүмкіндік берді. – Бүгінде олардың тізімге ену мерзімі бір айға да жетпейді. Мұны негіздеу үшін белгілі бір заттың Еуразиялық одақ елдерінің және БҰҰ Халықаралық комитетінің тиісті тізімдерінде болуы жеткілікті. Осылайша олар елде пайда болмай тұрып бақылауға алынады, - деді Қажығали Имажанов. Сонымен бірге, оның айтуынша, бұл тиісті статистикалық көрсеткіштердің өсуіне әкелді. Жаңа заңнама бойынша жұмыс істеген 3 жыл ішінде бұл заттарды тәркілеу саны 50 еседен астам өсті (2019 жылы – 10 кг, 2022 жылы – 583 кг). Биылдың өзінде 40-қа жуық жасырын есірткі зертханасы жойылып, 80 тонна прекурсорлар тәркіленіп, сол арқылы 8 тонна дайын заттар айналымы тоқтатылған. Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы сот сараптамасының проблемалық мәселелерін Әділет вице-министрі Даниэль Вайсов атап өтті. Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Қазақстандағы есірткіні емдеудің қазіргі жағдайы туралы баяндады. Одан әрі талқылау барысында есірткі қылмысымен күресу және нашақорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар қабылданды. Снежанна Имашева оларды тиісті комитет Үкіметке ұсынатынын айтты. Сонымен қатар Мәжіліс жұмыс тобының аясында түзетулермен жұмысты жалғастырады. Депутаттар дөңгелек үстелге қатысушыларды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша нақты және сындарлы ұсыныстарды бірге жасауға шақырды.