Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«ХАЛЫҚТЫҢ КРЕДИТТЕЛУІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ТУРАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІК ТЫҢДАУЛАР..

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжілісте халықтың шамадан тыс кредит алу мәселесін шешу жолдары қаралды

Мәжілісте халықтың шамадан тыс несие алу және қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша парламенттік тыңдау өтті. Тақырып бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, жауапты ведомстволардың басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі. Жиынды ашқан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгінде халықтың 84 пайызы немесе 8,4 миллионнан астам адам қарызға белшесінен батқанын атап өтті. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі шамамен 1,4 трлн теңге. – Жасыратыны жоқ, көптеген азамат өзінің қаржылық құқығын біле бермейді. Соның салдарынан қайта-қайта қарызға ұрынып жатады. Осының алдын алу үшін «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын бастаған болатын. Бұл бағдарлама қысқа уақыттың ішінде тиімділігін көрсетті. Президент те өз Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше тоқталып, жалпыхалықтық бағдарламаға айналдыру керектігін айтты. Қазір бұл жоба Үкіметпен, құзырлы органдармен және жергілікті әкімдіктермен бірге бүкіл ел бойынша іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда 52 000 адам оқытылды, – деді Ерлан Қошанов. Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы несие беру талаптарын заңнамалық деңгейде күшейту қажеттігін де айтты. – Онлайн несие алу ережелерін қатаңдатып, кредит берудің шарттарын қайта қарау керек. Жеке тұлғаларға берілетін несиелер бойынша шекті пайыздық мөлшерлемені төмендету маңызды. Кредиттерді коллекторлық ұйымдарға сатуға толық тыйым салуды енгізген жөн. Кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың жалғыз баспанасынан айырылып, көшеде қалуына жол бермеуіміз керек. Сондықтан бүгін біз халықтың қарыздық жүктемесін азайту шараларын жан-жақты талқылап, нақты шешімдер қабылдауымыз қажет. Тағы да қайталап айтамын, бұл Президенттің тапсырмасы және оны депутаттар ерекше бақылауда ұстайды, – деді Мәжіліс төрағасы. Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев та несие мәселесінің күрделі екеніне назар аударды. Ол азаматтардың тұтыну несиелері бойынша қарыздық жүктемесін шектеу шаралары заңнамалық деңгейде қайта қаралатынын айтты. Сондай-ақ кепілсіз онлайн несиелеу сегментіндегі борыштық тәуекелдерді төмендету мәселелері қарастырылуда. – Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды. Биыл үшінші наурыздан бастап 69 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 55 мыңы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды. Негізгі себептері: мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 8 млрд теңгеден астам борыш сомасына 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды, – деді Е.Жамаубаев. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова 1 млн теңгеге дейінгі кепілсіз тұтынушылық несие жалпы қарыз сомасының 27 пайызын, 1-ден 3 млн теңгеге дейін – 34 пайыз, 3-тен 5 млн теңгеге дейін – 19 пайыз, 5 млн теңгеден жоғары несиелер бойынша 21 пайыз құрайтынын хабарлады. Сонымен қатар биыл 7 айда микроқаржы ұйымдарында тұтынушылық шағын несиелердің көлемі 11,6 пайызға артып, 725 млрд теңгеге жеткен. Тұтыну несиелерінің өсуін және қарыз сомасын шектеу үшін Агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдарының меншікті капиталына қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған шараларды қабылдады. Атап айтқанда, микроқаржы ұйымы несие портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен микрокредиттер үлесіне 20 пайыз деңгейінде ең жоғары шек енгізілді. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха киберқылмыстың, соның ішінде интернет-алаяқтықтың азаматтардың шамадан тыс кредит алуына әсері туралы айтты. Сондай-ақ биыл шілдеден бастап барлық өңірде құрылған құрамында жедел уәкілдерден, тергеушілер мен криминалистерден тұратын «CyberPol» мамандандырылған тергеу-жедел топтарының жұмысына тоқталды. Депутат Руслан Берденов құмар ойындарға тәуелділіктің шамадан тыс кредит алудағы рөліне назар аударды. Оның айтуынша, еліміздегі 157 мың құқық бұзушылықтың 20 пайызы немесе 31 мыңы құмар ойындарының кесірінен жасалған. Мәжілісмен бұл мәселеде шұғыл шаралар қабылдауға шақырды. «Қарызсыз қоғам» бағдарламасына қатысушылар Сағидолла Жұматаев пен көп балалы ана Мөлдір Тұрысбекова несие алуға байланысты бастан кешкен жағдайларымен бөлісті. Баяндамалар аяқталған соң депутаттар сұрақтарын қойды. Парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша барлық ұсыныс пен ескертпелер депутаттар мен жауапты мемлекеттік органдардың бақылауында болады.