Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЗАҢ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТАНЫСТЫРЫЛЫМ: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ»

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title


Мәжілісте ақпаратқа қол жеткізу бойынша заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен заң жобасының таныстырылымы өтті. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров баяндама жасады. Жиынға уәкілетті орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қатысты. Асхат Аймағамбетов заң жобасының мақсаты ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру және оны халықаралық ашықтық стандарттарына сәйкестендіру екенін атап өтті. Жобаның негізгі ережелеріне ақпаратқа қол жеткізу саласында мемлекеттік бақылауды күшейту, салалық заңнамада ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тетіктері мен құралдарын бекіту, мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету және т.б. енгізілген. Жоба халықаралық сараптама ұйымдарының, қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қатысуымен әзірленген. Вице-министр Данияр Қадыров мемлекеттік органдар ақпаратқа қол жеткізуді тек белгілі бір мерзімге және құжаттың бір бөлігіне ғана шектеу қоюға құқылы болатынын айтты. – Заң жобасына сәйкес мемлекеттік органдар халыққа ресми ақпаратты өз бастамасымен (сұрау салусыз) жедел жеткізуге міндетті. Осы мақсатта мемлекеттік органдардың ақпаратты белсенді түрде таратуға қатысты жаңа міндеті, оның ұғымы мен іске асыру тетігі енгізіледі. Бұл, бірінші кезекте, білім беру, экология және денсаулық сақтау салаларына қатысты. Мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігі мәселелерін заңда жеке бап және қағидат түрінде бекіту ұсынылады, – деді Д.Қадыров. Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратқа қол жеткізу саласында бақылау өкілеттіктері жоқ және азаматтар мен БАҚ-тан келіп түсетін шағымдар бойынша ден қою шараларын қабылдау мүмкіндігі жоқ. Азаматтар бірден сотқа шағымдануға мәжбүр. Осыған орай Данияр Қадыров Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиісті құзырет бере отырып, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы жауапкершілікті күшейту мен мемлекеттік бақылауды енгізу ұсынылғанын атап өтті. Мәжілісмендер баяндаманы тыңдаған соң нақтылау сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Депутаттар бастамашы болған заң жобалары бойынша «Ашық НҚА» порталында жария талқылау жүргізу туралы норма қызу талқыға түсті. Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов заң жобасын жетілдіру бойынша бүгін айтылған ұсыныстарды талқылау жұмыс тобында жалғасатынын айтты. Жұмыс тобына Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров жетекшілік етеді.