Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«АКВАМӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ», «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ АКВАМӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ПРЕЗЕНТАЦИЯ.

Image title

Image title

Image title

Image title


Мәжілісте акваөсіру туралы заң жобасы таныстырылды

Бүгін Мәжілісте Акваөсіру туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер таныстырылды. Жиын Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде өтті. Отырысты ашқан комитет хатшысы Бауыржан Смағұлов Мемлекет басшысы өз Жолдауында балық шаруашылығына да ерекше мән беру қажеттігін айтқанын еске салды. Сонымен қатар балық шаруашылығын дамыту жөніндегі Үкімет сағатының қорытындысы бойынша Мәжіліс Үкіметке «Балық шаруашылығы туралы» заң жобасын әзірлеуді ұсынды. – Акваөсіруді дамыту су биологиялық ресурстарының генетикалық әртүрлілігінің сақталуын қамтамасыз етуге, оларды шамадан тыс пайдалану нәтижесінде табиғи су қоймаларынан антропогендік жүктемені алып тастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар акваөсірудің дамуы орта және шағын бизнестің дамуына оң әсер етеді, – деді Б.Смағұлов. Заң жобасы жөнінде баяндама жасаған Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев жобаның мақсаты жаңа өндіріс орындарын құру және жұмыс істеп тұрған өндірістерді ұлғайту, бәсекеге қабілетті және қауіпсіз өнім көлемін арттыру арқылы акваөсірудің тұрақты дамуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Жобаның негізгі міндеттеріне заңнамалық базаны қалыптастыру, экономикалық жағдайлар мен мемлекеттік қолдау, ғылыми және кадрлық қолдау, халықтың балық өнімдерін тұтынуын арттыру, экспорттық әлеуетті арттыру кіреді. – Акваөсіруді цифрландыру мақсатында мониторингтің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Онда акваөсірудің даму жай-күйін бағалау, мемлекеттік ынталандыру шаралары, сондай-ақ су айдындарын паспорттау, су айдындарын бекіту жөніндегі конкурстарды өткізу нәтижелері, акваөсіру субъектілерінің тізілімі туралы мәліметтер қамтылады. Тұтастай алғанда, жүйе көлеңкелі айналымның алдын алуды қамтамасыз етеді, – деді Н.Шәрбиев. Бұдан бөлек заң жобасында акваөсіруді жүргізу үшін су айдындарын конкурстық негізде және конкурссыз бекітіп беру тәртібі көзделген. Су айдындарын аукциондық сауда-саттық тәсілімен электрондық портал арқылы конкурстық негізде жүргізу ұсынылады. Бекіту мерзімі 5 жылдан 25 жылға дейін. Депутаттар баяндаманы тыңдаған соң сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев балық шаруашылығына ұңғыма қазуға жеңілдіктер қарастыруды ұсынды. Ерболат Саурықов Шу-Талас бассейнінен пайда болған көлдердің жағдайына қатысты мемлекеттік реттеу шараларын қолға алуды, Қазыбек Әлішев су қоймаларын беру конкурстық жүйеде жүргізілуі қажеттігін баса айтты. Отырыс соңында Бауыржан Смағұлов заң жобаларының нормаларын іске асыру балық шаруашылығын дамытуда оң нәтижелерге қол жеткізуге, балық өндіру мен экспорттау көлемін арттыруға, сондай-ақ салаға инвестиция салуға ықпал ететінін атап өтті. – Акваөсіруді дамытумен қатар, табиғи су айдындарында балық ресурстарын қорғау, молықтыру және орнықты пайдалану, балық аулаумен айналысатын субъектілерді, балық өңдеу кәсіпорындары мен балық питомниктерін қолдау мәселелерін назардан тыс қалдыруға болмайды, – деді Комитет хатшысы. «Акваөсіру туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді, жобаға қатысты ұсыныстарды талқылау жұмыс тобында жалғасады. Оған Экология және табиғи ресурстарды басқару комитетінің мүшесі Сергей Пономарев жетекшілік етеді.