Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ"; "ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚР КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ" ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Image title

Image title

Мәжілісте жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасының таныстырылымы өтті

Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Жаңа заң жобасы туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков баяндама жасады. Жиынға комитет төрағасы Нұртай Сабильянов жетекшілік етіп, оған Мәжіліс спикерінің орынбасары Альберт Рау қатысты. Жоба жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіктерінің аражігін ажырату мақсатында әзірленген. Б.Омарбековтің айтуынша, заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі органдары, олардың міндеттері мен өкілеттіктері, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігіндегі мемлекеттік басқару органдарының құзыреті айқындалған. Органдар мен ауыл әкімдерінің дербестігін кеңейту талап етіледі. «Ауылдық округтер деңгейінде азаматтардың ашық дауыс беруі арқылы төрт жыл мерзімге кеңес құрылады. Біз бюджетті бекіту құқығын кеңес атынан тікелей тұрғындарға береміз. Аудан өз кезегінде ауылдарға барлық болжамды параметрді, лимиттер мен трансферттер көлемін жеткізетін болады. Сондай-ақ кеңес өзге де құжаттарды, оның ішінде – жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларын, абаттандыру ережелерін, әкім аппараты азаматтарға көрсете алатын ақылы қызметтер тізбесін, сондай-ақ көше саудасы, мерекелік іс-шаралар өткізу орындарын бекітеді», – деді вице-министр өз баяндамасында. Бұдан басқа, ол кеңес мәслихат алдында әкімді қызметтен босату туралы мәселеге бастамашылық жасау құқығына ие болатынын айтты. Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқару органы – қалалық өзін-өзі басқару кеңесі құрылатын болады, оның өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды. Қалалық өзін-өзі басқару кеңесін қалыптастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыстық маңызы бар қаланың аумағы округтерге, ал округтер учаскелерге бөлінеді. Округтер мен учаскелердің шекараларын тиісті мәслихат айқындайды. Баяндама аяқталған соң депутаттар заң жобасын әзірлеушілерге сауалдарын қойып, жобаны жан-жақты талқылады. Жобаны терең зерттеуді, ауыл-аймақты аралап, халықпен талқылауды ұсынды. «Кеңеске сайланатын азаматтарға талап қойылған ба? Егер кеңеске сайланған азамат жұмысын дұрыс жасамаса, оны кері қайтару тетігі қарастырылған ба? Сондай-ақ бұл заң жобасында халықаралық тәжірибе ескерілген бе?», – деп сұрады Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин. «Талапқа сай әрекетке қабілеттілігі бар, соттылығы жоқ, сол ауылда тұратын азамат кеңес мүшелігіне үміткер бола алады. Ол жобада белгіленген. Сол қауымдастық жиын арқылы өздері сенім білдірген өкілді қайта қарай алады. Халықаралық тәжірибелер зерттелді. Біздің қызметкерлеріміз Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппараты мүшелерімен бірге Польшаға барып келді. Нәтижесінде жобаға сай тұстарын, оның ішінде жергілікті бюджетті өз деңгейінде бекіту секілді нормаларды, әлемдік тәжірибедегі ұқсастықтарды енгіздік», – деп жауап берді вице-министр. Сондай-ақ отырысқа орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, эксперттер мен қоғамдық бірлестіктер, «Байтақ» жасылдар партиясы мен облыстық мәслихат депутаттары, және т.б. қатысты. Заң жобасын одан әрі талқылау жұмыс тобында жалғасады. Оған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ғалымжан Елеуов жетекшілік етеді.