Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕКІ СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫҚ.

Image title

Image title

Image title

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің екі студенттік жатақханасының құрылыс нысандарын араладық. Әр жатақхана 600 тұрғынға арналған. Жоба соңғы жылдардағы солтүстік өңірдің өзекті мәселелерінің бірі – жастардың, атап айтқанда талапкерлердің кетуін шешуге арналған.

Жатақханалардың жалпы ауданы 27 мың шаршы метрден асады. Жатақхана ғимараттарында спорт залдары, буфеттер мен медициналық блоктар орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, халықтың мобильділігі төмен топтары үшін жағдайлар қарастырылған.

Бастапқыда жатақханалардың құрылысы ағымдағы жылдың қазан айына дейін аяқталуы жоспарланған болатын.

Өкінішке орай, нысандарды пайдалануға беру келесі жылдың жазына дейін кейінге қалдырылды. Құрылыстың алты айға кешіктірілуінің себебі тендерге басқа қатысушының дауласуына байланысты сот процесі болып табылады.

Құрылыстың кешігуінің екінші себебі бар – жылу желісін төсеу аймағында орналасқан жеке үйлерді бұзу.

Қазір құрылыс белсенді қарқынмен жүріп жатыр, нысан құрылысына 90 адам жұмылдырылды, мердігер жергілікті «Основание» ЖШС болып табылады.

«АМАНАТ» партиялық бақылауы бұл құрылыс алаңына үнемі келіп тұратын болады.

#AMANAT2023

#SKO

#Petropavlovsk