Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кездесу кестесінде бірінші болып Шал ақын ауданы жоспарланған.

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Құрметті достар!
2023 жыл аяқталды, қорытындылар шығарылды, туған облыс тұрғындарымен кезекті кездесулер басталды.
Кездесу кестесінде бірінші болып Шал ақын ауданы жоспарланған.
Сергеевка қаласының аудан орталығынан 25 км қашықтықта орналасқан Жаңажол ауылына бардым. Ауылда 500-ге жуық тұрғын тұрады, олардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда. Фельдшерлік-акушерлік пункт ауылдағы дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жүзеге асыратын болады.
Сонымен қатар, Сергеевка қаласындағы хоккей кортының құрылысы бойынша нысанды аралады. Аудандық жол картасы аясында хоккей кортын салуға облыстық бюджеттен 133 млн. теңге бөлінді
Азаматтардың жеке қабылдауын өткізді, оның барысында аудан тұрғындары бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерді: "Ауыл – ел бесігі" жобасы шеңберінде келешегі жоқ ауылдарды дамыту, орта мектеп мұғалімдері мен қосымша білім беру ұйымдары мұғалімдерінің табысын теңестіру және т. б.
Тұрғындардың келіп түскен сұрақтары бойынша түсініктеме берді.
Пысықтауды қажет ететін сұрақтар жазылды.
Мен шешуге тырысамын.