Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ СОТ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМА КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Image title

Мәжіліс Әділет министрінің кандидатурасын келісті

Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындау үшін Азамат Несіпбайұлы Есқараевтың кандидатурасын келісті. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыс соңында Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындау үшін Азамат Несіпбайұлы Есқараевтың кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы комитеттің тиісті қорытындысы қабылданды.