Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

Image title

Image title

Мәжілісмендер Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялады

Мәжіліс депутаттары бүгін жалпы отырыста екі ратификациялық заңды қабылдады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау жайлы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов баяндады. Ол келісімнің басты мақсаты – Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы қатынастардың құқықтық негізін өзара белгілеу және реттеу екенін атап өтті. – Белгіленетін режим адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өту және өткізу және ол арқылы жүктерді және өзге де мүлікті өткізу тәртібін қамтиды. Бұдан басқа, ол шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге, сондай-ақ шекарада қоғамдық - саяси, мәдени және өзге де іс-шараларды өткізуге қатысты болады, - деп толықтырды Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Константин Авершин. Сондай-ақ, мәжілісмендер Қазақстан мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы ел аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялады. Заң жобасының басымдықтары туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин баяндады. Ал Мәжілістің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов қосымша баяндама жасады. Сонымен қатар жалпы отырыста депутаттар бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Олардың қатарында бизнесті жүргізу, экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша түзетулер, сондай-ақ төрт ратификациялық заң жобасы бар.