Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжіліс ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің авторлық құқық объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Депутаттар ТМД елдерінің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы, ЕАЭО аумағындағы кедендік баждарды және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімдерді ратификациялады. Құжатты депутаттарға Әділет министрі Азамат Есқараев таныстырды. Ол келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағында цифрлық ортада авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды реттейтінін түсіндірді. – Келісім ТМД елдерінің аумағында ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың бұзылуына қарсы шараларды жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ авторлық құқық иелерін зияткерлік меншік объектілеріне қатысты заңсыз әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етеді, – деді қосымша баяндама жасаған Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспан. Оның айтуынша, заң авторлық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілікті анықтаумен қатар, тұтастай алғанда ТМД елдері тұрғындарының құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл саладағы халықаралық нормативтік-құқықтық база да кеңейе түседі. Сонымен қатар депутаттар ЕАЭО аумағындағы кедендік транзиттің рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялады. Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары екі жаңа заң жобасын жұмысқа алды. Біріншісі – Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Екінші заң жобасына жетінші шақырылымның депутаттары бастамашы болды. Алайда, Мәжілістің Регламентіне сәйкес, оны қабылдау туралы қаулы өткен жалпы отырыста жарамсыз деп танылды. Бұдан бөлек, депутаттар жауапты органдарға әлеуметтік маңызы бар тақырыптар бойынша депутаттық сауалдар жолдады.