Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҮКІМЕТ САҒАТЫ: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ ҮШІН ӨҢІРЛІК СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ". ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ҚУАНТЫРОВ ӘЛІБЕК СӘКЕНҰЛЫ МИНИСТРІ.

Image title

Image title

Image title

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында өңірлік стандарттар жүйесінің ерекшеліктері талқыланды

Бүгін Мәжілісте елді мекендердің өңірлік стандарттар жүйесі туралы Үкімет сағаты өтті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады. Отырысқа төрағалық еткен вице-спикер Альберт Рау 2019 жылдан бастап ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көруге мүмкіндік беретін Өңірлік стандарттар жүйесі (ӨСЖ) енгізілгенін айтты. Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, бүгінде бірқатар жүйелік, соның ішінде инфрақұрылымдық мәселелер шешімін таппай отыр. «Қамтамасыз ету деңгейіндегі теңгерімсіздік мәселесі шешілген жоқ. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы қала тұрғындарынан әлдеқайда артта қалып, негізгі тауарлар мен қызметтерге қол жеткізудегі алшақтық азаймай отыр. Аумақтардың теңгерімді дамуы және халықтың өмір сүру сапасының тұрақты өсуі үшін қажетті жағдай жасау мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті болуы тиіс», – деді А.Рау. Өз кезегінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өңірлер әкімдіктерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ өткен жылғы парламенттік тыңдаулардың қорытындылары бойынша ұсынымдарды ескере отырып, министрлік 2022 жылы Өңірлік стандарттар жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті. «Нәтижесінде биылға қаңтарда ӨСЖ-ге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ӨСЖ көрсеткіштерін есептеуді бағалаудың жаңа Әдістемесінің жобасы әзірленді. Нысандар мен қызметтердің тізбесі айтарлықтай кеңейтілді, елді мекендердің қосымша сыныптамасы жүргізілді. Бұдан басқа, ӨСЖ көрсеткіштерін есептеудің жаңа әдістемесіне нысандар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер қосылды», –деді министр. Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов қосымша баяндамасында Өңірлік стандарттар жүйесіндегі кемшіліктерге тоқталды. Оның ішінде халықты нысандармен және қызметтермен қамтамасыз ету сапасын арттыру, жобаларды қаржыландыруда жүйеліліктің болмауы, нысандардың құрылысын кейінге қалдыру секілді мәселелер бар. «Өңірлік стандарттар жүйесінің келесі кемшілігі – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арасында үйлестірілген іс-қимылдың болмауы. Мәселен, көптеген негізгі сала бойынша уәкілетті органдар жұмыс атқарылды деп есеп беріп, одан кейінгі жұмысы жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде деп жауап береді. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы өзекті күйінде қалып отыр. Ауыл мектептері мемлекет тарапынан ерекше назар аударылуын қажет етеді. Ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ауылдық және қалалық мектептер арасындағы материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету тұрғысынан алшақтықты жою өте маңызды. Мемлекеттің экономикалық қажеттіліктерінен жол құрылысы мен көліктік даму қарқыны айтарлықтай артта қалып отыр. Жергілікті жолдардың сапасыздығы ауылдық аумақтардың арасындағы байланыстың әлсіз болуына алып келеді және олардың экономикалық дамуына кедергі келтіреді», – деді мәжілісмен. «Бүгін біз министрдің баяндамасын, пікірлер мен депутаттардың сауалдарын тыңдадық. Жақсы пікірталас болды деп ойлаймын. Барлық ұсыныс жинақталады. Оларды апта соңына дейін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне енгізуге мүмкіндік бар. Содан кейін оларды ресми түрде Үкіметке жібереміз», – деп талқылауды қорытындылады Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау.