Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

Image title

Image title

Мәжіліс «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобаларына депутаттар бастамашы болды. Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі Айдарбек Қожаназаров жобалардың органикалық өнімдердің ішкі нарығын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесуге, сыртқы нарықтарда отандық өндірушілердің органикалық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталғанын айтты. Негізгі заң жобасының жаңа редакциясында оның негізгі ережелері нақтыланып, толықтырылды. Атап айтқанда, бірлескен кепілдіктер жүйесінің қалыптасуы мен оның жұмыс істеуіне, сондай-ақ органикалық өнім өндірушілерді топтық сертификаттауға қатысты нормалар қайта қаралды. – Органикалық өнім өндірушілерге қойылатын талаптар кеңейтілді, оларға сәйкес олар генетикалық түрлендірілген объектілерді, синтетикалық шыққан заттарды, химиялық пестицидтерді, гормондарды, антибиотиктерді және тағамдық қоспаларды, сондай-ақ топырақты пайдаланбай өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру әдістерін қолдануды болдырмауға міндетті болады, – деді А.Қожаназаров қосымша баяндамасында. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыруға қолжетімділікті арттыруға бағытталған «аграрлық қолхат» деген жаңа қаржы құралы енгізіледі. Ең маңызды өзгерістердің бірі – органикалық өндірушілерге қойылатын талаптардың кеңеюі. Соған сәйкес олар генетикалық түрлендірілген объектілерді, синтетикалық шыққан заттарды, химиялық пестицидтерді, гормондарды, антибиотиктерді және тағамдық қоспаларды, сондай-ақ топырақты пайдаланбай өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру әдістерін қолдануды болдырмауға міндетті болады. Депутаттар заң жобаларын бірінші оқылымда көпшілік дауыспен мақұлдады. Талқылаудан кейін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов палатаның сегізінші шақырылымның бірінші сессиясында атқарған жұмыс қорытындыларына тоқталды. Бұл сессия қысқа болғанымен, өте маңызды әрі мазмұнды өтті. Осы жолғы сайланымның бір ерекшелігі – депутаттар көптеген маңызды заң жобаларына өздері бастамашы болды. Тұтастай алғанда, бұл сессия кезеңінде 31 заң қабылданды. Олардың үштен бірі – депутаттар бастамашы болған заңдар. Әр депутаттық бастаманың артында партиялардың ұстанымдары мен сайлаушылардың үміт-сенімі тұр. Депутаттар азаматтардың сайлау науқаны кезінде айтылған барлық талап-тілегін ескеруге тырысты, – деді Мәжіліс спикері. Төрағаның айтуынша, алда өңірлерге сапарлар, халықпен кездесулер күтіп тұр. Депутаттар барлық өңірде, шалғайдағы ауылдар мен елді мекендерде кездесулер өткізуге тиіс. Басты мақсат – елдің ортасында болып, түйткілдерді шешуге көмектесу, өңірлермен байланысты нығайту. Ерлан Қошанов жазда атқарылған жұмыс келесі сессияға оң әсерін тигізетінін атап өтті. Жалпы отырыс соңында мәжілісмендер жауапты мемлекеттік органдарға маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша депутаттық сауалдарын жолдады.