Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

Image title

Image title

Image title

Мәжіліс Өзбекстанмен энергетикалық ресурстарға бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялады

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы кедендік шекара арқылы құбыржол көлігімен және электр желілері арқылы энергетикалық ресурстарды өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялады. Заң жобасы туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады. Оның айтуынша, енді елдер тәжірибемен және кеден заңнамасын бұзудың анықталған фактілері туралы ақпаратпен алмаса алады. Хаттамада тараптардың кеден органдары балансында тұрған есепке алу тораптары көрсеткіштерін ай сайын алуды, сондай-ақ есепке алу аспаптарына салынған кедендік сәйкестендіру құралдарының тұтастығын, сәйкестендіру құралдарын жою мен салуды тексеру көзделген. – Келісімге 2021 жылдың 6 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылған. Келісім нормаларын іске асыру Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбырлар мен электр желілері арқылы тасымалданатын энергия ресурстарын бақылаудың тиімділігін арттырады, – деді депутат Ирина Смирнова қосымша баяндамасында. Депутат Мәжілістің барлық комитеті заң жобасы бойынша оң қорытынды бергенін айтты. Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. Олардың қатарында Салық кодексі мен Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер, жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеуге беруге қатысты өзгерістер бар. Сонымен қатар жаңа ратификациялық заң жобалары бар. Олар: 1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан мен Литва арасындағы азаматтық, отбасылық, құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы келісім, 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісім, Қазақстан мен Эстония Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісім, Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттама, Қазақстан мен Қатар Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісім. Сондай-ақ депутаттар жауапты мемлекеттік органдарға әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша депутаттық сауалдарын жолдады. Оларды Мәжілістің ресми сайты мен Telegram арнасынан біле аласыздар.