Колода
Дмитрий
Владимирович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Мәжіліс жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады

Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста жер қойнауын пайдалану, экспорттық-кредиттік агенттік саласын жетілдіру және шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету мәселелері туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады, сондай-ақ Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялады. Депутаттар бастамасымен әзірленген «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде жалпы отырыста Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов баяндады. Депутаттың айтуынша, заң жобасы көмірсутектерді геологиялық барлау және өндіру саласындағы жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу рәсімдерін оңтайландыруға, сондай-ақ кен орындарын әзірлеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаржылық және әкімшілік шығындарын азайтуға бағытталған. - Заң жобасының негізгі ерекшеліктері жер қойнауын пайдаланушыға мемлекет тарапынан айыппұл санкцияларын салмай, сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша келешегі жоқ ұңғымаларды бұрғылаудан бас тарту құқығын беру. Сонымен қатар құрлықтағы іздеу жұмыстары кезеңінде барлау жобаларын әзірлеу және бекіту кезінде хабарлама тәртібін енгізуді ескере отырып, геологиялық барлау жұмыстарына жедел көшу көзделген, – деді Дүйсенбай Тұрғанов. Жалпы, депутаттың пікірінше, заң жобасы практикалық геологиялық барлау жұмыстарына жедел көшуге, барлық сараптаманың мерзімдерін 8-12 айға қысқартуға және рәсімдер бойынша әкімшілік шығындарды 120 күннен 50 күнге дейін, яғни 2 есе жоюға мүмкіндік береді. Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Қайрат Төребаев отырыста Экспорттық-кредиттік агенттіктің және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері туралы заң жобасы бойынша баяндама жасады. Ол «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ базасында Экспорттық-кредиттік агенттікті құру жоспарланып отырғанын айтты. Агенттік жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғам нысанына ие болады. Оған нақты функцияларды бекіту ұсынылады. Мысалы, сақтандыру, қайта сақтандыру, экспорттық операцияларға кепілдік беру және қаржыландыру, сондай-ақ экспорттаушыларды сервистік қолдаудың жекелеген шараларын көрсету. - Заңды қабылдау экспорттық-кредиттік агенттіктің арнайы құқықтық мәртебеге ие болуына мүмкіндік береді. Қазақстандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырады, экспортқа бағдарланған өндірістерді ұлғайту есебінен жаңа жұмыс орындарын құрады, экспортқа бағдарланған өндірістер аударатын салықтарды көбейту есебінен бюджет қаражатын өсіреді және экспорттық себетті үлкейтеді, – деді қосымша баяндама жасаған Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшесі Руслан Қожасбаев. Өзгерістер мен толықтырулар 10 заңнамалық актіге, соның ішінде Азаматтық, Бюджеттік кодекстерге және бірқатар тиісті заңға қатысты болады. Салық кодексіне де түзетулер енгізіледі. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар екі заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады. Жұмыс топтары екінші оқылым барысында жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ депутатар Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдап, Сенатқа жолдады. Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің экспорттық қатынастарын дамытуға, инвестициялар көлемін ұлғайтуға, экспорттық кредиттерді қайта сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыру арқылы тараптардың үшінші елдермен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге оң әсер етуге тиіс. Сонымен қатар депутаттар VIII сайланған Мәжілістің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын талқылап, бірқатар жаңа ратификациялық заң жобаларын жұмысқа алды. Олардың ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитарлық қорғау саласындағы және Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы екі мемлекеттің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы ынтымақтастық жөніндегі келісімдер бар. Жалпы отырыс соңында мәжілісмендер өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар депутаттық сауал жолдады. Оның барлығы Мәжілістің ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланған.